Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3071 4 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 12:54

Коррупциялық сана - «түсінікпен» жүру қажет пе?

Коррупциялық сана - Заңмен өмір сүруі керек пе, «түсінікпен» жүру қажет пе?

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптар көбейген кезде «мен оны білуші едім, ол сыныптасым, таза адам» деген сияқты пікілерді жиі еститін болдық. Енді қараңызшы, біздің мектеп бітіргенімізге міне 30 жыл болды. Осы уақыт арасында сыныптасымыздың қандай адам болып қалыптасқанын қайдан білеміз?)

Немесе «ол менің ағам, көршім, туысым» деп, ақтап жатамыз! Жер бетіндегі барлық адам, біздің Қазақстанда да, тіпті Заң бұзғандар да біреудің туысы, бауыры, көршісі, тағы сол сияқты болып келеді. Бірақ бұл адамның кінәлі не кінәсіз еместігіне критерий болмауы керек. Біздің Қазақстанда тіпті, олай болмауы керек. Өйткені біз бір бірімізге қалай да туыс, дос, таныспыз!

Немесе «ол ұрлық жасауы мүмкін емес, өйткені керемет композитор, ал мынау тамаша ақын, жемқор болуы мүмкін емес» дегенді айтып жатады. Айналайындар, мұның нақты жемқорлық ісіне еш қатысы жоқ. Жемқорлық болған кезде біз шенеуніктің шығармашылық қасиеттерін бағаламаймыз. Тек оның іскерлік қасиеттерін назарға аламыз. Осыған үйренуіміз керек. Қоғамда «ол менің досым, яғни мен оны қандай жағдайда да қорғаймын» деген түсінік болмауы тиіс.

Бұл психологияның өзі экономикамыздың дамуына мүмкіндік бермей отырған жемқорлықтың өзегі. Немесе «қазір мен сені қолдайын, сен кейін мені қорға» деген есеп те дұрыс емес. Бұл кеңестен қалған қылмыстық психология түсінігі. «Белгілі бір топтарға ғана арналған» мемлекет осылай құрылады.

Мысалы, Скандинавия немесе Швейцарияда кімнің кімге туыс, сыныптас, көрші екені маңызды ма? Жоқ! Сондықтан да ол жақта адамдар түсінікпен емес, ЗАҢМЕН жақсы өмір сүреді.

Біз де сондай әр адамға әділ және тең мүмкіндік беретін мемлекет құруымыз керек! Сондықтан, бізді ондай «түсініктер» емес, барлығына ортақ ЗАҢ басқаруы керек!

Мұхтар Тайжанның жазбасы

Abai.kz

4 пікір