Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2707 0 пікір 6 Ақпан, 2012 сағат 07:20

Талғат Әбдіжаппаров: «Ақ Жол партиясын енді ешкім де, ешқашан да бөле алмайды»

«Ақ Жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, ауған соғысының ардагері Талағат Әбдіжаппаров бізбен сұхбатында Алаш идеясы ешкімнің меншікті мұрасы емес дейді.

Талғат Қайырбайұлы, «Ақ жол» партиясы ұлт мүддесі, ұлттық құндылықтар, соның ішінде Алаш мұрасы жөнінде көптеген игі бастамалар көтеріп жүр. Бұл қандай қажеттіліктен туып жатыр?

-  Біріншіден, ұлттың, осы мемлекетке атын берген қазақ халқының мүддесі «елім» деген әрбір азамат үшін қажеттілік болуы тиіс. Себебі, бұл  біздің өткеніміздің, бүгініміз бен болашағымыздың алдындағы қарызымыз бен парызымыз. Алаш идеясы мен Алашорда партиясының мұрасына қатысты да осы мәселені айтуға тиіспіз. Мұның бәрі әр қазақтың жүрегі мен санасында жатқан киелі дүниелер.
Ақиқатын айтайық, ұлттың мұң-мұқтажы, ұлттық құндылықтар жекелеген адамдардың меншікті тақырыбы немесе қорасындағы меншік малы емес! Сол сияқты, Алаш идеясының да жалғыз мұрагері «мен» деп айтуға Алаштың аруағынан қорқуымыз керек.
«Ақ жол» партиясы да - алаштың идеясын жаңа тұрпатта насихаттауға бел буған, сол идеяларға адал саясаткерлердің, ғалымдардың, қарапайым азаматтардың басын қосқан беделді саяси ұйым. Қазіргі кезде партия мүшелерінің саны 200 мыңға жуықтады. Ендеше, бұл ұстаным «Ақ Жол» партиясындағы 200 мың адамның идеясы және қозғаушы күші деп қарастыру қажет.

«Ақ Жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, ауған соғысының ардагері Талағат Әбдіжаппаров бізбен сұхбатында Алаш идеясы ешкімнің меншікті мұрасы емес дейді.

Талғат Қайырбайұлы, «Ақ жол» партиясы ұлт мүддесі, ұлттық құндылықтар, соның ішінде Алаш мұрасы жөнінде көптеген игі бастамалар көтеріп жүр. Бұл қандай қажеттіліктен туып жатыр?

-  Біріншіден, ұлттың, осы мемлекетке атын берген қазақ халқының мүддесі «елім» деген әрбір азамат үшін қажеттілік болуы тиіс. Себебі, бұл  біздің өткеніміздің, бүгініміз бен болашағымыздың алдындағы қарызымыз бен парызымыз. Алаш идеясы мен Алашорда партиясының мұрасына қатысты да осы мәселені айтуға тиіспіз. Мұның бәрі әр қазақтың жүрегі мен санасында жатқан киелі дүниелер.
Ақиқатын айтайық, ұлттың мұң-мұқтажы, ұлттық құндылықтар жекелеген адамдардың меншікті тақырыбы немесе қорасындағы меншік малы емес! Сол сияқты, Алаш идеясының да жалғыз мұрагері «мен» деп айтуға Алаштың аруағынан қорқуымыз керек.
«Ақ жол» партиясы да - алаштың идеясын жаңа тұрпатта насихаттауға бел буған, сол идеяларға адал саясаткерлердің, ғалымдардың, қарапайым азаматтардың басын қосқан беделді саяси ұйым. Қазіргі кезде партия мүшелерінің саны 200 мыңға жуықтады. Ендеше, бұл ұстаным «Ақ Жол» партиясындағы 200 мың адамның идеясы және қозғаушы күші деп қарастыру қажет.

Сіздердің осы бағыттағы шаруаларыңызға сенімсіз қарайтындар да бар екенін жасыруға болмайтын шығар...

-  Әрине, саяси күрес, саяси бәсекелестік бар жерде бәрі де болады. Сіздің айтып отырғаныңыз соның бір көрінісі деп қабылдау керек.
Бүгінгі таңда біздің жақтастарымыз да, қарсыластарымыз да бір нәрсені мойындап отыр. «Ақ Жол» партиясы қазірде толыққанды, белсенді жұмыс істеп жатқан, бәсекелестікке қабілетті, қуатты саяси организмге айналды. Және, жоғарыда айтқандай, біз өз мақсат-міндеттерімізді туған халқымыздың асыл мұраттарынан ажыратып көрген жоқпыз.
Тағы бір тоқтала кететін мәселе, «Ақ жолдың» бүгінгі Парламентке кіруі, партияның шын мәнінде тірілуі, жаңа идеялармен, жаңа құраммен толығуы Партияның жаңа төрағасы Азат Перуашевпен тікелей байланысты.

«Кешегі «Ақ жол» кім еді? Бүгінгі «Ақ жол» кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, кешегі «Ақ жол», шынын айту керек, тұралап қалған, облыстарда филиалдары жоқ, идеялық жағынан әлсіреген саяси құрылым болатын. Соңғы жарты жылдың ішінде партия өзінің идеялогиялық басымдықтарын айқындап қана қоймай, сол басымдықтарды халыққа түсіндіріп, жеткізе білді. Тұралап жатқан партияның орталық, аймақтық құрылымдары жаңарды. Партия идеологиялық, саяси, рухани тұрғыдан болсын, қабілетті құрылымға айналды. Осының барлығы Партия жетекшісі Азат Перуашев пен оның ұйымдастырушылық, саяси, басқару қабілеттеріне сеніп келген жаңа командасының арқасы.

- Алайда, сайлаудан кейін «Ақ Жолда» бұрыннан келе жатқан кейбір азаматтардың да кері пікірлері де естіліп қалды ғой.

-  Шынын айту керек, «Ақ жолда» бұрыннан істеп келе жатқан адамдар мен жаңадан істеп келе жатқан адамдарды топтастыру, ұштастыру оңай болған жоқ. Бірақ біздің баршамызды біріктірген -- «Ақ жолдың» темірқазығы болып табылатын, мемлекеттік, ұлттық мүдде болды. 
Екіншіден, біздің түп мақсатымыз қандай да жолмен Парламентке өту емес, керісінше, партияны жаңа идеялармен, жаңа адамдармен, жас леппен толықтыру болды. Бұл мәселеде партияның өз ішінде толық түсіністік болғанын қадап айтқан жөн.
Партияның Сайлауалды жұмысына барлығы да бір кісідей ат салысты. Тіпті, реті келгенде осы азаматтардың аты-жөндерін де атап өтсек, артық болмайды.
«Стройкласс» құрылыс компаниясының президенті Талғат Ерғалиев, еліміздегі бүкіл шаруа қожалықтарының басын біріктіріп отырған «Агроөнеркәсіп» палатасының төрағасы Асылхан Игібаев, «Төртқұдық» серіктестігінің Президенті Қ. Ілиянов, «Миланж» АҚ президенті, белгілі кәсіпкер Ш. Жарасова, «Мақтаөнеркәсібі» корпорациясының президенті Е. Абасов сияқты азаматтар партияның жеңісіне зор үлес қосты.
Біз ел алдында беделі бар, белгілі азаматтардың шағын бөлігін ғана айтып отырмыз. Мұндай адамдар елімізде жүздеп, мыңдап   саналады. Олар үшін партияның мүддесі өзінің жеке бас мүддесінен әрдайым жоғары тұр. Себебі, олар нақты істің адамдары. Істің адамдары ортақ іске келгенде партияның мүддесін жеке мүддеден жоғары қоя біледі.

- Ұлттық құндылықтар, Алаш мәселесін көтеретін азаматтар Парламентке өтпеді деген сөз шығып жатыр. Соған қалай жауап берер едіңіз?

- Парламент дегеніміз заң шығарушы орган, ол жерде экономика, әлеуметтік сала, бизнес саласын жетік білетін азаматтар отыруы тиіс. Бұл тұрғыда біздің үміткерлер сенімге лайық деп ойлаймын.  Айналып келгенде, оларды мемлекетшіл, ұлтжанды, патриот емес деп кім айта алады?

Біз ұсақ-түйек тіршілікпен емес, жауапкершілігі зор, келелі істермен шұғылдануымыз керек. «Ақ Жол» партиясы Алаштың құндылықтарын ту етіп отыр, тиісінше, сол құндылықтар Парламентке де ауысты деп айтуға толық негіз бар.
Саяси ұғымдар мен саяси құндылықтарды шатастырмауға тиіспіз. Меніңше, елімізде тұратын он миллионнан астам қазақ тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар жөнінде сол мәселені көтеріп жүрген азаматтардан артық болмаса кем ойламайды. Қазір әрбір ауылда, әрбір елдімекенде, әрбір жұмыс орнында мұндай ұлтжандылар жетерлік. Сондықтан, ұлттық мәселені кейбір азаматтардың өзіне меншіктеп алғысы келуі аталған киелі ұғымды ластап, рухани құлдырауға әкеп тіреуі мүмкін. Бұл - бүкіл қазақтың тарихына, қазақтың бүгіні мен болашағына топырақ шашу деген сөз.
Бүгінгі таңда партия үшін басым бағыттар  - «Ақ жолды» идеялық тұрғыдан қайта жаңарту, филиалдардың жұмысын жандандыру. Ең негізгісі  - «Ақ жолға» жаңа тұрпатта, жаңаша ойлайтын интеллектуалдық деңгейі жоғары жалынды жастарды тарту. Партия төрағасы Азат Перуашевтың қойып отырған талабы осы.  Өйткені, «Ақ жол»  - бір күннің партиясы емес, саяси ұйым ретінде еліне, халқына, мемлекетіне қызмет еткісі келетін, елдегі жағдайларға бей-жай қарамайтын, мемлекетшіл азаматтардың партиясы. Біз ұзақ мерзімді стратегия ұғымымен, партияның бүгінгі емес, ертеңгі категориясымен ойлауымыз керек. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.

Талғат Қайырбайұлы! Өздеріңіз таңдаған сегіз депутатты қалай бағалайсыз?

-  8 депутатымыз да елдің алдында жүрген белді азаматтар. Олардың әрқайсысының қадір-қасиеттерін атап, түстеудің қажеті шамалы. Бәрі де өмір тәжірибесі мол, білімді  де білікті, өз кәсіптерінің майталман мамандары.
Бірақ, «депутат» ұғымын саясиландыра берудің де қажеті жоқ. Олар, ең алдымен, халыққа, мемлекетке қызмет жасауы тиіс. Парламенттегі 8 орын сол сегіз депутаттың жеңісі емес, бұл - «Ақ жол» партиясының жеңісі! Партиялық тізімде болған басқа да үміткерлердің, соның ішінде ел ағасы Амангелді Айталының, белгілі ақындар, қоғам қайраткерлері Қазбек Исаның, Серік Тұрғынбекұлының, партияның алғашқы күнінен белсенді қызмет етіп келе жатқан Әбдіразақ Сұлтановтың үлкен жеңісі деп білеміз. Бұл азаматтардың беделі, ой-пікірі партия үшін әрдайым құнды, бағалы. Ол кісілер Парламент мінберіндегі депутаттарымызға Алаш идеясын, ұлттық құндылықтарды көтеруді  аманат етуі, талап етуі қажет.

Ең бастысы, «Ақ Жолдың» жеңісі - біздің 200 мыңға жуықтаған мүшелеріміздің жеңісі. Партия мүшелері сайлау қорытындыларын тек қана осы тұрғыда қарастырады.

Сұхбаттасқан Шәріпхан Қайсар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар