Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2563 0 пікір 6 Ақпан, 2012 сағат 03:18

Шәріпхан Қайсар. Қазақ – орыстың қызметшісі

Орыс ақпарат агенттіктері ресейлік азаматтар тарапынан қазақстандық үй қызметшілері мен бала бағатын әлдишілерге сұраныс артқанын жазады. Бұған mojazarplata.kz. порталының зерттемесі куә.

Сұраныстың артуына  басты себеп - қазақстандық үй қызметшілерінің орысша жақсы білетіндігі мен жоғарғы білімділігі және де жұмыс берушінің отбасымен бірге тұруға деген келісімге әзірліктері көрінеді.  Бұл жайт баспанасыз әрі жұмыссыз қазақтардың өз елдеріндегі жағдайсыздықтан қажығандығын да білдіреді.

Әдетте, Ресейдегі үй жұмысына тұруға ұмтылған қазақстандықтар еліндегі ұқсас қызметтегі жалақыдан  50-70% -ға жоғары айлық алуға мүмкіндігі бар.

Егер де алматылық педагогикалық білімі бар әлдиші (няня) толық жұмыс күні үшін айына 500 доллар алса, Мәскеуде ол тұрақты мекенін қосқанда, 1 300 - 1 700 доллар таба алады.

Агенттердің жазуынша, Ресейге көбінесе облыс орталықтарының әлдишілері мен үй күтімшілері аттанатын көрінеді. Ал, Астана мен Алматыдан мұндай жұмыс түрін іздейтіндер мейлінше аз екен.

«Абай-ақпарат»

0 пікір