Жұма, 26 Сәуір 2024
Асқанға - тосқан 5605 17 пікір 26 Қараша, 2020 сағат 11:31

Шошқа зауыты. Халықтың талабын билік ескеруі керек!

Танымал ауылшаруашылық саласының эксперті, «Shopan ata» қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Ақтөбе облысында болған шошқа дауына қатысты пікір білдіріп, бізге арнайы хат-хабар жолдаған екен. Біз Алмасбек мырзаның үндеуін өз оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.


Он бросил мои бумаги на край стола»: Житель Талдыкоргана подрался с акимом из-за подписи ─ NewTimes.kz

Армысыздар, ағайын!

Мен өткен аптада Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орын алған шошқа дауына қатысты мәлімдеме жасасам деймін. 5 күннен бері осы тақырыпты зерттеп, зерделей келе мынадай тоқтамға келдім:

Бұл шошқа зауыты қалай да жабылуы керек! Неге деген сұраққа мен 3 аргумент айтқым келіп тұр:

Осы жағдайға байланысты ел болып 3 басты талап қоюымыз керек:

1. Экология мәселесіне Үкімет назар аударуы тиіс. Ұрпақты улайтын шошқа зауыты жабылуы керек;

2. Ауылшаруашылығы министрлігі жалпы шошқаға бағытталған субсидияны тоқтатсын және ол ақша түйеге, жылқыға, қой шаруашылығына бағытталуы тиіс;

3. Сырттан келетін инвесторларға шошқа бизнесіне біржола тыйым салынуы керек;

Жақында зауыттың директоры Армениядан байланысқа шықты. Шошқа фермасын жаба беремін, бірақ бір шартым бар деді. Ешқандай да шарттың керегі жоқ. Менің ойымша, жергілікті тұрғындардың құқы жылдар бойы бұзылып келген. Сондықтан бұл жерде халықтың жанайқайы орынды. Халықтың шырылын билік ескеруі керек.

Қазір тексеріс болады, он күннен кейін шешім шығады деген әңгіме айтылып жатыр. Оның барлығы бос әңгіме!

Бұл Ақтөбе Есет, Абат, Исатай батырлардың кесенелері бар құтты мекен. Тіпті түйе атасы Ойсылқара әулиенің сүйегі осы өңірде жатқан жоқ па?!

Сондықтан қасиетті мекенді қасиетсіз жануардың қалдығымен былғамауымыз керек. Елдің талап-арызына жергілікті басшылық немқұрайлы қарамаса екен дейміз.

Сіздерге деген құрметпен,

Алмасбек Садырбаев,

«Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы

;feature=youtu.be

Abai.kz

17 пікір