Жексенбі, 5 Мамыр 2024
1884 0 пікір 2 Қараша, 2020 сағат 14:38

Табысты дипломатиялық қызметке 25 жыл толды!

Еліміз егемендік алғалы ісші және сыртқы саясатта тізгінді тең ұстап, орнықты дамып келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы отыз жылға уақытта әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыра алды. Оның айқын дәлелі ретінде еліміздің бастамасымен қолға алынған көптеген халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелер оң шешімін тауып жатты. Еліміздің әу баста ұстанған көп жақты, көпвекторлы саясаты ешқашан өгерген жоқ. Алыс-жақын шетелмен тығыз қарым-қатынасымыз сақталып келеді.

Жақында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында аса келелі жиын өтті. Аталған жиында еліміздің халықаралық саясатта атқарған айтулы жұмыстары мен сәтті дипломатиялық жетістіктері жайлы сөз болды. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жылдығы: қорытынды, жетістіктер, болашаққа көзқарас» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.

Отырыстың ресми ашып, сөз бастаған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов еліміздің шетелдермен дипломатиялық қатынастарда жеткен жетістіктерін жоғары бағалады. Еліміз егемендік алғалы әлемнің әр түкпіріндегі көптеген елдермен және халықаралық ірі ұйымдарымен прагматизм қағидаларына негізделген ынтымақтастық қарым-қатынасты сақтады. Әрі осы жүйе сенімді түрде қалыптасып дамыды.

Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

«Тұңғыш Президенттің көреген сыртқы саяси бағдары арқасында Қазақстан әлемдік аренада тұрақтылықтың негізгі, мемлекеттік дамытудың қарқынды және жарқын үлгісі ретінде қабылдануы заңды. Еліміз ядролық қарудан бас тарту саласында мойындалған көшбасшыға, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер сұхбатында белсенді модераторға айналды.  Бүгінде Қазақстан әлемнің жаһандық және аймақтық мәселелерін шешуге тең жағдайда қатысады және үлес қосады».

Ал Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов еліміздің дипломатиялық жетістігіне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі ерекше жоғары болғанын айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан көшбасшының ұстанған саясаты мен көпвекторлы ұстанымы еліміздің әлеумдік қауымдастықтарымен ынтымақтастық қарым-қатынасын жоғары деңгейге жеткізді. Қазақстан әлемдік маңызы бар көп істерде белсенділік таныта білді. Әсіресе әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде біздің елдің көтерген бастамалары ерекше болды. Қазақстан аса маңызды әлемдік мәселелерде сенімді сұхбат алаңына айнала білді. Сонымен қатар Тұңғыш Президенттің бастамасымен, тікелей қатысуымен бірқатар халықаралық ұйымдар жұмысын бастады. Мысал үшін Еуразиялық экономикалық ода, Шанхан ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес қатарлы одақтар мен ұйымдарды атауға болады.

25 жыл ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы жоғары деңгейдегі мінберлерден көптеген маңызды иеяларды ұсынды. Әрі соның көбі әлемдік аренада қолдау тапты. Жай қолдау тауып қана қоймай, іс жүзінде жүзеге асып, өз рөлін толық сәулелендіріп отыр. Қазіргі таңда жоғары деңгейге көтерілген мұндай ұсыныстарды «әлемді өзгертетін идеялар» деп атауға толық мүмкіндік бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1415
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1247
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1005
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1071