Бейсенбі, 26 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 128400. Жазылғандар — 114821. Қайтыс болғандар — 1990
593 3 пікір 20 Қараша, 2020 сағат 16:26

Тоқаев Ресей делегациясымен кездесті

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.

Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Қазақстан Президентіне цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселелері бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Abai.kz

3 пікір