Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2644 0 пікір 2 Ақпан, 2012 сағат 11:34

Ермек Сахария. Алматыдан аяғыңды тарт, Жириновский!

Дана атам қазақ: «Еңкей-генге еңкей, шалқайғанға шалқай» деп босқа айтпа-ған. Бірақ Жириновскийге осындай мінез көрсетпей келеміз. Қазақтың жерінде туып, қазақ жерінің суын ішіп, ауасын жұтқан атышулы Владимир Жириновский - дәл сондай жүрген жеріне шөп шықпайтын нағыз көксоққан жанның бірі.  Ол өзі суын ішкен құдығына түкіріп, бір кездері: «Қазақстанның солтүстік облыстары - Ресейдікі, олар кезінде абайсызда Қазақстанның қарамағына өтіп кеткен»,- деп сандырақтаған «сәуегей» қандасы Александр Солженицынның сойылын соққан болатын. Енді келіп сол Владимир Жириновский беті бүлк етпестен еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласына келмек көрінеді. Егер бұл қауесет рас болса, Володя жай емес, біздің елде өз мұражайын ашуға келе жатыр деседі. Тарихи Отаны Ресейге көшкенге дейін ол өзі тұрған Алматыдағы пәтерін қазіргі қожайыннан сатып алып, мұражай жасамақ екен. Қазақ десе үстіндегі бар түгі тікірейіп, жыны қозып кететін ЛДПР көсемі Жириновский осылайша Алатаудың дәл төсінде өзінің мұражайын ашып, жонынан таспа ті-ліп жатса мыңқ етпейтін «жуас та момын қазақты» тағы бір рет мұқатып, арына тиюді мақсат тұтқан сыңайлы. Бұған жаны күйген арлы азамат, саясаттанушы Дос Көшім: «Біз бұрындары еліміздегі орыс ұлтшылдарымен айтысып-тартысып, тіпті олардың туларын отқа жағуға дейін барғанбыз.

Дана атам қазақ: «Еңкей-генге еңкей, шалқайғанға шалқай» деп босқа айтпа-ған. Бірақ Жириновскийге осындай мінез көрсетпей келеміз. Қазақтың жерінде туып, қазақ жерінің суын ішіп, ауасын жұтқан атышулы Владимир Жириновский - дәл сондай жүрген жеріне шөп шықпайтын нағыз көксоққан жанның бірі.  Ол өзі суын ішкен құдығына түкіріп, бір кездері: «Қазақстанның солтүстік облыстары - Ресейдікі, олар кезінде абайсызда Қазақстанның қарамағына өтіп кеткен»,- деп сандырақтаған «сәуегей» қандасы Александр Солженицынның сойылын соққан болатын. Енді келіп сол Владимир Жириновский беті бүлк етпестен еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласына келмек көрінеді. Егер бұл қауесет рас болса, Володя жай емес, біздің елде өз мұражайын ашуға келе жатыр деседі. Тарихи Отаны Ресейге көшкенге дейін ол өзі тұрған Алматыдағы пәтерін қазіргі қожайыннан сатып алып, мұражай жасамақ екен. Қазақ десе үстіндегі бар түгі тікірейіп, жыны қозып кететін ЛДПР көсемі Жириновский осылайша Алатаудың дәл төсінде өзінің мұражайын ашып, жонынан таспа ті-ліп жатса мыңқ етпейтін «жуас та момын қазақты» тағы бір рет мұқатып, арына тиюді мақсат тұтқан сыңайлы. Бұған жаны күйген арлы азамат, саясаттанушы Дос Көшім: «Біз бұрындары еліміздегі орыс ұлтшылдарымен айтысып-тартысып, тіпті олардың туларын отқа жағуға дейін барғанбыз. Қазіргі таңда қазақтың саны республика бойынша 65 пайыздан асып отырғанда,Жириновский сияқты бірлі-жарым шовинистік пиғылдағы орыс ұлтты тұлғалардың мұндай ұсақ тірліктерін көзге ілмей,«Ит үреді, керуен көшеді» деп қоя салуға болар еді. Дегенмен, бізде мұндай ұлттың намысына тиетін істерге келгенде билік алға қоғамдық ұйымдарды итеріп салып, өздері мырс-мырс етіп миығынан күліп, түк болмағандай қарап отырады. Жириновский Ресейдегі көп қоғам қайраткерлерінің бірі болса, оған соншалық алаңдаушылық білдірудің қажеті болмас еді. Шын мәнінде ол - істеген ісі мен айтқан сөзін елеусіз қалдыруға болмайтын Дума төрағасының орынбасары, партия жетекшісі болып отырған ресми тұлға. Сол тұлғаның аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып, біздің  еліміз бен ұлтымыз туралы  айтпаған лас сөзі жоқ. Ол біздің мемлекетімізді көзге ілмегенімен қоймай, еліміздің тәуелсіздігін де мойындамайды. Ендеше, оның табаны қазақ топырағына тимеуі керек, біздің билік оның Қазақстанға келуіне тыйым салуы қажет. Бұл іспен қарапайым халық емес, мемлекеттік органдар айналысуы тиіс», - дейді. Саясаткер сөзіне бойында ұлттық қаны бар барша қазақ жұртының қосылары сөзсіз.
«Қазақстан - Заман» газеті

0 пікір