Дүйсенбі, 23 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 126182. Жазылғандар — 112806. Қайтыс болғандар — 1945
557 0 пікір 19 Қараша, 2020 сағат 11:27

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар рейтингінде бесінші орынды иеленді. Бұл туралы  The Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымы мәлімдеген. 

Бірінші орында Дамаск, екінші орында Ташкент тұр. Үшінші және төртінші орындар Замбияның Лусака қалаларына және Венесуэланың астанасы Каракасқа бұйырды.

Зерттеушілер әлемнің 130 қаласындағы 138 тауарлар мен қызметтердің бағасын негізге алған. Аталған санатқа азық-түлік, сусындар, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлар кіреді.

The Economist Intelligence Unit-тің дүниежүзілік өмір сүру құны бөлімінің бастығы Упасана Датт:

«Ковид-19 пандемиясы АҚШ долларының әлсіреуіне себеп болды, ал Батыс Еуропа мен Солтүстік Азия валюталары оған қарсы күшейіп, бұл өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасын өзгертті»,- деді.

Сонымен қатар аталған ұйым ең қымбат қалалар тізімін де жасаған. Ол тізімде Париж, Цюрих (Швейцария), Сингапур, Осака қалалары бар.

Abai.kz

0 пікір