Сенбі, 27 Сәуір 2024
2236 0 пікір 18 Қараша, 2020 сағат 11:10

Қырғызстан үкіметі азық-түлік бағасын бақылауға ала бастады

Қырғызстан үкіметі бірқатар азық-түлік түрлерінің бағасын бақылауға алу туралы қаулы қабылдамақшы. Бұл туралы премьер-министрдің міндетін атқарушы Артем Новиков президент міндетін атқарушы, спикер Талант Мамытовпен кездескеннен кейін мәлімдеді.

Новиков бүгінгі күнде керекті көлемдегі азық-түлік қорын қамтамасыз ету үшін импорттаушылармен сөйлесіп жатқанын атап өтті.

"Азық-түліктің бес түрі бойынша қор артығымен бар. Бағаның өспеуіне жол бермеу мақсатында ірі сатушылар мен әлеуметтік мәнге ие тауарларды жеткілікті етудің жолдары шешіліп жатыр", - деді премьер-министрдің міндетін атқарушы.

Новиков сонымен бірге үкіметтің әлеуметтік маңызды тауарларды сыртқа шығаруға тыйым салудың жоспарлары бар екенін айтты.

Қырғызстанда 2019 жылдың қазан-желтоқсанымен салыстырғанда азық-түлік 8,9 процентке қымбаттаған.

Abai.kz

0 пікір