Дүйсенбі, 23 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 126182. Жазылғандар — 112806. Қайтыс болғандар — 1945
1079 7 пікір 17 Қараша, 2020 сағат 18:34

Грузиядағы түрлі - түсті төңкеріс сабақтары

Бүгінгі таңда түрлі-түсті төңкерістер тақырыбы өте өзекті, бірақ  осы уақытқа дейін мәселенің маңыздылығына қарамастан қазіргі қоғамдық-саяси дискурста «түрлі-түсті төңкерістер» тұжырымдамасын түсіндіру туралы бірыңғай пікір жоқтың қасы. Бұл таңқаларлық жайт емес,  өйткені бастапқыда басты мақсаты  зорлық-зомбылықсыз  билікті ауыстыру болып табылатын түрлі-түсті төңкерістер соңғы жылдары қарулы және қанды азаматтық соғыстарға айналып,  содан кейін көбінесе сыртқы акторлардың әскери араласуы  нәтижесінде орын алуда.  Бұл факт, әрине,  түрлі - түсті төңкерістер құбылысы туралы анықтаманы қиындатып отырғаны мәлім. Жалпы төңкеріс деген  билікті түбегейлі өзгерту десек, оның төмендегідей саяси элита мен  әлеуметтік құрылыстың ауысуына байланысты жіктеу орынды:

Түрлі-түсті төңкерістер туралы іргелі еңбектің бірі 1993 жыл жарық көрген американдық саясаттанушы Джин Шарптың  «Диктатурадан демократияға дейін. Еркіндіктің түжырымдамиалық негіздері» атты  кітабы. Батысқа бағытталмаған  диктатурамен күрес жүргізу ретінде өзінің осы атақты еңбегінде  қарапайым  198  әдістерді қолдана отырып, төңкерісті   қалай жасауға болатындығын егжей-тегжейлі көрсеткен.  Кейін бұл еңбек жас революционерлердің іс-әрекеттері үшін қасиеті кітапқа айналып,  Грузия, Украина сынды  басқа да  елдердегі оппозициялық қозғалыстарға практикалық шабыт берді.  Мысалы, Грузияда билікті талап еткен  оппозиция сөзбе-сөз мағынасында биліктің күшсіз өзгеруі идеологы Дж.Шарптың нұсқауларын орындап, бейбіт тактиканы саналы түрде ұстанғаны бәрімізге белгілі.

Сонымен, 2003 жылы посткеңестік мемлекеттер арасында  ең алғаш орын алған  Грузиядағы  «раушан төңкерісінің» обьективті және субьективті себептеріне тоқталып өтсек.

Біріншіден, елдегі әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың күрт төмендеуі, әлеуметтік иерархияның арасындағы тым  алшақтық, бірнеше  әлеуметтік топтардың (шағын және орта кәсіпкер, жастар, зейнеткерлер) билеуші режимге деген наразылықтары күшейе бастады. Билік  осы наразы топты басып, жақтастарын марапаттап, оппозияцияны бейтараптандыруға ерік-жігері жетпеді. Осындай жағдайда элиталардың бірлігі жарылып, нәтижесінде төңкеріске алып келді.

Екіншіден, төңкерістің саяси себептері елдегі саяси тұрақсыздықпен тікелей байланысты  еді.   1990 жылдардың ортасы мен  2000 жылдардың басында Грузия үкіметі өте әлсіз және тіпті аморфты жағдайда болды. Мемлекеттік институттар өте тиімсіз жұмыс істеді.  Тбилисиден басталған Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы соғыстар  көптеген  аймақтардың орталық органдарға  бағынбай,  бұрын-соңды болмаған қылмыстық топтар мен рулардың пайда болуына алып келген еді. Сыртқа саясатта да Э.Шеварднадзе бір-біріне қайшы келетін бағыт ұстанды: Мәскеумен диалогты сақтай отырып, Грузияның НАТО-ға кіру идеясын жүйелі жүргізген де сол болды.  Елде халықтың экономикалық саясат, сыбайлас жемқорлық, этникалық қақтығыстарға наразылықтары күшейе түсті. Сонымен қатар, биліктің сәтсіздіктері жеке тұлғаға байланысты болды  Грузия президенті Э.Шеварднадзе салған жүйенің істен шығуы,   революция архитекторларын  2001 жылы  оппозицияға көшетіндігін жариялады. Билік президенттің қолына шоғырланды және ресми өкілеттіктер бейресми патрон-клиент жүйесімен толықтырылды.  Сайлау  процесінде лидердің танымалдығы төмен болды.

Үшіншіден, түрлі-түсті төңкерістерге  әкелген басқа себептердің арасынан  ортақ идеология мен регионализмнің болмауын атау керек.  Грузия бірқатар аумақтарға бақылауды жоғалтқан кезде, элиталардың бытыраңқылығы, рулық топтар арасындағы қайшылықтар күшті  регионализмнің салдары, қоғамды біріктіретін  біртұтас мемлекеттік  идеология мен ұлттық идеяның болмауы   оппозициялық топтардың қалыптасуына жақсы мүмкіндік жасап, жеңіске жетуге алып келді.   Мысалы, Грузияда 1990 жылдары  күшті жанжалды жағдай қалыптасып, кейбір аймақтар іс жүзінде ресми Тбилисиге бағынбады,  Абхазия, Оңтүстік Осетия және Аджарияға бақылауды жоғалтудың себебі Грузияның алғашқы президенті З.Гамсахурдиа ұлтшыл саясатында жатты, оның «Грузия грузиндерге» деген ұраны  азшылық ұлттардың  өткір қарулы қақтығыстарына ұласып олардың іс жүзінде бөлініп кетуіне алып келді. Елде ұлттық  топтарды біріктіретін бірде-бір беделді ұйым болған жоқ (мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты).

Бұл жағдай М.Саакашвилидің Грузияны «біріктіруді» жақтаушылардың қолдауына зор ықпал етті, олардың арасында көптеген жастар болды және Э. Шеварднадзе бұл мәселені шешуге қол жеткізе алмады. Осылайша, «патриот» грузиндердің көз алдында М.Саакашвили олардың «елдің тұтастығын қалпына келтіру» туралы ежелгі арманын жүзеге асыратын, өйткені ол Мәскеумен келіссөз жүргізуді ұсынған жоқ, бірақ НАТО мен  ЕО-ға кіру жолын таңдады.  Оның  нақты осы  антиресейлік «грузия жерлерін біріктіру» идеялық жобасы, грузин халқына рух беріп раушан төңкерісіне үлкен қолдау көрсетуге алып келді.

Төртіншіден, әрие ол сыртқы күштердің демократияны ілгерлету бағдарламаларын тарату.  Импортталған демократияны қолдау және дамыту бағдарламалары  негізінен шетелдік және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), оппозицияға әлсіз жерлерде қолдау көрсетті: сайлау мониторингі, оппозициялық БАҚ-ты дамыту, жұмылдыру  және наразылық білдіруге итермелеу және т.б. Іс жүзінде басқарушы режимді айптайтын және либералды демократияның құндылықтарын яғни стандарты жиынтығын насихаттайтын Батыстың қолдауымен үкіметттік емес ұйымдар пайда болып ұзақ уақыт бойы Грузияда белсенді қызметін жүргізді.

Міне, түрлі-түсті  төңкерістің осындай обьективті және субьективті себептері 2003 жылы 21 қарашада болашақ Президент М.Саакашвили оппозициялық телеарнаның тікелей эфирімен, автобустық колоннамен астанаға келді.  Келесі күні 22 қарашада Тбилисиде «раушан төңкеріс»  болып,  президиум столында Шеварднадзе сөз сөйлеп жатқан сәтте, қолдарына раушан гүл ұстаған Саакашвили жақтастарымен Парламент үйіне басып кірді. Сыртта халық Грузияның заң шығарушы органынан президент креслосын шығарып алып салтанатты түрде қиратып, өртеп жіберді.

Грузияда қызыл түстен басқа ақ түс наразылықтың символына айналды. Саяси символизм мен колористика сарапшыларының пікірінше, адам ақты жарықпен байланыстырады, бұл күн адамдар ең белсенді болып, айналаны айқын әрі анық қабылдайды. Сонымен қатар, түс ой мен мінез-құлықтың тазалығы үшін үлгі болады. Грузин оппозициясының жалаушасындағы екінші түс - қызыл - байыптылық, ізеттілік немесе сүйкімділік пен мейірімділік туралы әсер қалдырды, адреналинмен, толқумен, жылумен, белсенділікпен, күш-жігермен байланысты болды.

Сонымен, Грузияда  төңкерістің жеңіске жетуіне мынандай факторлар қатты әсер етті:

  1. Саяси режимнің әлсіздігі
  2. Күш құрылымдарының күш қолданбауы
  3. Сыртқы күштердің ықпалы (революция технологияларын барынша қолдану, қаржыландыру)

Мысалы, Вашингтон қорының басшысы, «Америка даусының» бұрынғы директоры Р.Карлсон мәліметі бойынша  үш айдың  ішінде Грузиядағы раушан төңкерісі алдында, саяси технологилар үшін Сорос қоры Шеварднадзе режиміне қарсы 40 миллионннан астам доллар жұмсаған.

Грузияның түрлі-түсті төңкеріс нәтижесінде билікке ие болған оппозициялық партиясы  Батыстың қаржылық қолдауының арқасында өркендеген демократиялық мемлекетке  де,  НАТО-ға да, ЕО-ға да кіре алған жоқ. Сонымен қатар, Саакашвилидің авантюралық саясатының нәтижесінде ресми Тбилиси ақырында (мүмкін мәңглікке) Абхазия мен Оңтүстік Осетияға бақылауды жоғалтты. 2012 жылғы қазанда өткен парламенттік сайлауда Саакашвилидің партиясы тек 40% дауысқа ие болып, Б.Иванишвили блогындағы қарсыластарына 15% дерлік жоғалтты. Саакашвили мен оның серіктері оппозицияға кетті; олардың кейбіреулеріне қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және басқа да ауыр қылмыстар бойынша айыптар тағылып үлгерген.

Бірнеше жыл өткен соң, қарсыластар Саакашвили командасын Грузиядағы жақсы бастамаларды бүлдірді, сайып келгенде, элиталық сыбайластық пен диктатураға түсіп кетті деп айыптады. 2012 жылы шілдеде Эдуард Шеварднадзе Тбилисидегі Асавал Дасавали газетіне берген сұхбатында раушан төңкерісі кезінде М.Саакашвилиге билік бергені үшін Грузия азаматтарынан кешірім сұрап, сол кезде оның зейнетке ерте шығудан басқа амалы жоқтығын баса айтқан Шеварднадзе өзінің қателігін көпшілік алдында мойындады, Грузияның негізгі мәселелерін шеше алмадым деп Саакашвилидің саясатын сынға алды.

Сонымен, кез-келген төңкеріс артында түрлі экономикалық ауыртпалықтар мен қан төгістер орын алатыны ақиқат. Сондықтан, эволюциялық жолды таңдау саяси жүйені өзгертудің ең тиімді жолы екенін тағы да баса айтқым келеді, елде партиялық жүйені дамыта отырып белсенді сайлау  өткізе білу  қажет. Біз дұрыс жолдамыз, алдағы сайлауда азаматтарымыз белсенділік көрсетіп, еліміздің саяси жүйесінің айқын бағытта дамуына үлес қосатынына сенім мол. Сөз соңында,   жақында 2020 жылдың 31 қазанында  Грузияда өткен парламент сайлауының қортындыларына  келсек, соңғы конституциялық түзетулерге сәйкес пропорционалды жүйе бойынша  депутаттар саны артып, можариторлық  жүйеде керісінше депуттар саны азайтылды. Тағы бір жаңалық, 40% дауыс ала алмаған партияның бір партиялы үкімет құруға құқығы жоқ.

Грузияның Орталық сайлау комиссияның мәліметтері бойынша: жалпы сайлауға 48 партия қатысып,   алдын ала нәтижелер бойынша 7 парламенттік партия мен 2 блок ел парламентіне кірді: басқарушы биліктік «Грузин арманы» партиясы, оппозициялық М.Саакашвили «Біртұтас ұлттық қозғалыс-бірліктің күші» партиясы, «Еуропалық Грузия», «Грузия үшін Лего», «Агмашенебели стратегиясы», «Патриоттар альянсы», «Гирчи», «Азаматтар» және «Еңбек» партиялары.

Мажориторлық округтерге қатысты екінші тур 21 қарашада Тбилисидің барлық сегіз ауданы мен облыстардың алты ауданында өтеді.

Халықаралық бақылаушылар сайлаудың заңдылығын мойындағанымен,  оппозициялық партиялар  сайлау әділ өтпеді және  ОСК басшысын қызметінен кетуін және қайта сайлау өткізуді талап етіп елде бейбіт митингілерге шықты. Оппозиция   өкілдеріне заң бұзушылықтар қаралатын жиналыстарға қатысуға тиым салынды. Оппозициялық саяси партиялар жаңа парламентке енбейтіндігі туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. ОСК-ның ресми деректері бойынша парламентке өткен 9 партияның 8-і заң шығарушы органға кіруден бас тартқан. Кейбір оппозиция өкілдері М.Саакашвилиді қайтару қажет деп санайды, өйткені олардың оппозицияның басты жетекшісінің қатысуынсыз олардың әрекеттері қажетті ықпалға ие емес.

Билік елдегі мұндай наразылықтардың күшеюі пандемия жағдайында короновирустің таралу қаупін арттырады, екіншіден, ларидің долларға қатысты төмендеуін де  елдегі оппозиция құрған қақтығыстармен байланыстырады. Сонымен қатар, короновирустың жоғарлауына байланысты билік тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, коммерциялық ұйымдардың қозғалысын шектеу қажет деп түсінеді.

Меруерт Төлебаева, саясаттанушы

Abai.kz

7 пікір