Сенбі, 18 Мамыр 2024
2448 1 пікір 16 Қараша, 2020 сағат 13:03

Жапаров өкілеттігін тоқтатты

Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы оның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осылайша Жапаров алдағы президенттік сайлауға елдің қарапайым азаматы ретінде қатысуды шешкен.

Ал президенттің міндетін уақытша парламент спикері Талант Мамытов атқарады. Үкімет басшысының міндеті бірінші премьер-министр Артем Новиковқа жүктелді.

Айта кетейік, Қырғызстанда жаңа президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген. Садыр Жапаров Орталық сайлау комитетіне өзінің құжаттарын өткізіп те қойды. Комиссияның хабарлауынша, сайлауға қатысуға 63 адам өтініш берген.

Талант Мамытов, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы:

– Мемлекет басшысының міндетін атқаруға кірісе отырып, мен халық алдындағы жауапкершілігімді толық сезінемін. Конституциялық құқық шеңберінде халықтың бейбіт өмірі мен еліміздің тұрақтылығын қорғау үшін бар күшімді саламын. Халық осы бағыттағы менің барлық ісімді қолдайды деп үміттенемін.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653