Сенбі, 18 Мамыр 2024
2894 10 пікір 14 Қараша, 2020 сағат 17:30

Путин «Ресей халқы Ассамблеясы» ұйымын құру туралы Жарлыққа қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин «Ресей халқы Ассамблеясы» бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжат жұма күні Құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

«Қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен «Ресей халқының Ассамблеясы» бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құру орынды деп саналсын», - делінген Жарлықта.

Ұйым «мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, бүкілресейлік азаматтық бірегейлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесу мақсатында» құрылды.

Ассамблеяның құрылтайшысы Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттік болып белгіленді. Ұйым қызметінің негізгі бағыттары Ресей Федерациясының 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік ұлттық саясатының стратегиясын іске асыруға қатысу, Ресей халықтарының этномәдени және тілдік әртүрлілігін сақтау, байырғы аз халықтардың құқықтарын сақтауға жәрдемдесу, шетелде тұратын отандастарға қолдау көрсетуге қатысу және т. б. болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653