Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2349 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 11:20

Қостанай облысында жоғалған сәбилер бір жарым тәуліктен соң тірі табылды

Қостанай. 18 мамыр. ҚазТАГ – Қостанай ауданы Ударник кентінде 15 мамырда жоғалған бір жарым және үш жасар сәбилерді табу үшін Қостанай облысының полициялары мен ТЖ қызметіне бір тәуліктей уақыт қажет болды. 
Облыстық ІІД-ті хабарлағандай, сәбилердің жоғалғаны туралы арыз полицияға үш жасар қыздың анасынан түскен. Бір жарым жасар Мәдина апасы екеуі Наурызым ауданынан қонаққа келген. Арызда көрсетілгендей, сәбилер кешкі сегіздер шамасында аулаға шыққан ал, содан кейін оларды ешкім көрмеген.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы жеткен. Полицейлер шұғыл түрде ізшіл иттермен іздестіруге кіріскен. Іздестіруге әскери бөлімше жауынгерлері мен ТЖ күштері тартылған.
Іздестірулер 16 мамырға дейін жалғасып, сағат 14-тер шамасында сәбилер ауылдан бірнеше километр жердегі айдалып тасталған егістікте ұйықтап жатқан жерде табылған.
Сәбилерді тапқан кезде олар арықтың ішінде бей-жай ұйықтап жатқан. Бұл туралы Қостанай облысының ІІД тіл саясаты мен ақпарат басқармасынан хабарлады.
Мән-жайды анықтау барысында сәбилердің ойнап кеткені белгілі болыған. Олар жүруден шаршаған кезде ұйықтауға жатыпты.
Табылған сәбилерді дереу дәрігерлер зерттеген. Олардың айтуынша, сәбилердің жағдайы орташа. Өкпесі қабынуы мүмкін. Қазір олар Қостанай қаласының инфекциялық ауруханасында тексерілуде.

Іздестіруге полицяның мыңнан астам қызметкерлері тартылған. Сәбилердің ата-аналары іздестіруге қатысқандардың барлығына алғысын білдіріп жатыр. Үш жасар сәбидің анасы Айгүл Халықова: «Мен өте қатты қобалжыдым, бірақ сәбилерді іздестіруге қандай күш жұмсалып жатқанына қарап, бәрі де ойдағыдай болатынына сендім. Барлығына рахмет, менің алғысым шексіз», деді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2126
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2535
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2275
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1642