Жұма, 17 Мамыр 2024
2884 3 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 13:19

Қытай 6G технологиясының спутнигін ұшырды

Қытай әлемде бірінші болып 6G технологиясының спутнигін ұшырды. Бұл туралы Нightech.fm сайты мәлімдеді.

Құрылғы солтүстік Шаньси провинциясында орналасқан Тайюань ғарыш айлағынан Long March-6 зымыран тасығышымен жүзеге асырылған.

6G жер серігі орбитаға сәтті шығарылған үш қытайлық жерсеріктің қатарында. Ол Жерді қашықтықтан зондтауға арналған, ал, құрылғыны аргентиналық Satellogic компаниясы жасаған.Спутниктің модификациясына Chengdu Guoxing Aerospace Technology, UESTC және Beijing MinoSpace Technology қатысты.

Ол 6G технологиясын ғарышта сынау үшін қолданылады, өйткені 6G өткізу қабілеті терагерцтік жиілікке дейін кеңейеді.

Аталған технология 5G-ге қарағанда 100 есе жылдамырақ болады деп күтілуде.Бұл аз қуат шығыны бар қалааралық байланысты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, жер серігінде өсімдік апаттарын бақылау, орман өртінің алдын-алу, орман инспекциясы, судың сақталуы мен таулардағы су тасқынын бақылау және кең спутниктік суреттер мен мәліметтер алу үшін қашықтықтан зондтаудың оптикалық жүйесі орнатылған.

China Daily-дің хабарлауынша, 6G технологиясы әлі де дами түспек. Қазір ғалымдар оның іргелі зерттеулерде, жабдықтарды жобалауда және қоршаған ортаға әсер етуде бірнеше техникалық кедергілерін жөндеуі керек. Сонда ғана технология нарыққа қол жетімді болады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2118
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632