Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3330 0 пікір 24 Қаңтар, 2012 сағат 09:38

Мұхтар Шаханов: «Мәмбеталиннің қайда жүргенінен хабарым жоқ»

«Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Серікжан Мәмбеталин (суретте) Лондонға кетіпті деген сөз шықты. «Лондонға кетіпті» десе, елең ете қалатын болдық қой. Оның себебі, айтпаса да түсінікті. Қазақстаннан қашқандардың паналайтын жері тұманды альбион болғалы қашан... Тұманға сіңіп таптырмай кете ме екен, әлде артынан ит қосып іздеуге еріне ме, әйтеуір біздің билік ол жаққа кеткендерді ізіне түсіп іздеп барғанын көрген жан жоқ. «Мәмбеталин Лондонға ұшып кетіпті» дегенде есіме түскені  - осы.
Сөйтіп, Серікжан мырзаның нөмірін теріп едік: «Қызмет көрсету аясынан тыс жерде» деді. «Шынымен кеткен екен-ау, ақша жүзі албырап» деп ойладық. Іле Мұхаңа, аталған партияның бас үміткері ретінде Мәжіліс сайлауына түскен, ақын, қайраткер Мұхтар Шахановқа хабарластық.
-Қалыңыз қалай, аға?

-Жақсы.
-Серікжан Мәмбеталин жайлы білейік деп хабарласып тұрмыз ғой.
-Оның қайда жүргенінен хабарым жоқ. Сайлау кезіндегі жағдайдан кейін аштық жариялады ғой. Содан соң оны қамауға алады екен деген сөз шыққан. Содан бері көрмедім, хабарласпадық.
Өзі жақсы жігіт еді. Ұлтқа, ұлттық мәселелерге өзім бас болып көзқарас ұстанымын, пікірін өзгертіп едім.
Қазір ауруханада ем алып жатырмын.
-Сауығып кетіңіз, аға. Рахмет, Сізге.
«Абай-ақпарат»

0 пікір