Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Деп жатыр 3091 3 пікір 6 Қараша, 2020 сағат 13:07

«Коронавирус қыста қауіпті болады»

Германия канцлері Ангела Меркель Германияда коронавирус инфекциясының саны артқанын және адамдар арасындағы байланыстарды барынша азайту қажет екенін айтты. 2 қарашадан бастап айдың соңына дейін Германияда жаңа шектеулер қолданылады.

Германия канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, COVID-19 көктемге қарағанда қыста күрделі болады. Өйткені вирус суықта өзін агрессивті ұстайды. 

«Бізді қиын айлар күтіп тұр, өйткені бұл вирус төмен температурада одан да агрессивті әрекет етеді», - деді Меркель.

Оның айтуынша, Германия үкіметі COVID-19 жағдайын шешуде қараша айында шектелу шараларын күшейту үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Алайда қазіргі кезде инфекция жұқтырғандардың саны көбейіп кеткен.

2 қарашадан бастап айдың соңына дейін Германияда жаңа шектеулер қолданылады. Үкімет екі аптадан кейін консультациялар өткізіп, шектеулер тізіміне түзетулер енгізетіндерін айтты. Енді қоғамдық орында ең көп дегенде 10 адамнан аспайтын топқа ғана жиналуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, азаматтарды ішкі және шетелге саяхаттаудан бас тартуға шақырады. 

Германияда театрлар, концерт залдары, кинотеатрлар, жәрмеңкелер, ойын-сауық саябақтары, казино, спорт клубтары, жезөкшелер үйі, бассейндер, сауналар мен аквапарктер жабылды. Германияда барлық сауықтыру шаралары тоқтатылды, спорттық жарыстар көрерменсіз өтеді. Мейрамханалар, барлар, клубтар, пабтар, дискотекалар да жабық, тамақтарды тек «на вынос» сатып алуға немесе үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады.

Айта кетейік, Қытайда коронавирустық инфекция 2019 жылдың соңында басталды. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1330
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1183
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 928
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1039