Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 24 Қаңтар, 2012 сағат 06:48

Владимир Путин: «Ресей Федерациясын КСРО сияқты күйреткісі келетін күштер бар»

Ресейдің ықпалды басылымдарының бірі - «Независимая газетада» РФ премьер-министрі В.В. Путиннің сайлауалды бағдарламасы есепті екінші мақаласы жарық көрді. Естеріңізге сала кетейік, алдағы наурыз айында терістіктегі көршіміз  Ресей Федерациясында президент сайлауы болады. Аталған саяси додаға  РФ-ның қазіргі пермьері Владимир Путин президенттіктен тағы да үміткер ретінде кірісіп  кетті.
«Независимая газетада»  жарық көрген мақаласында Путин ұлттық мәселелерге кеңінен тоқталады. Көші-қон, миграция жайын қозғап, Ресейді ұлттық мемлекет етіп қайта құруды қалайтындарға қарсы әуж айтады.
Премьер-министрдің пайымдауынша, РФ-дағы миграция барысы өзгерістерді талап ететін көрінеді. Ресейге ішкері өтуді бұдан былай қатаң тәртіпке көшірмесе болмайды дейді ол. Сондай-ақ, мигранттар орыс тілі мен елдің  құқықтық жүйесі туралы сынақ тапсыруы тиіс. РФ-ның барлық аймақтарында орыс тілі мен әдебиетін, тарихын оқытуды күшейту керек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы студенттерге АҚШ-тағыдай ХХ ғасырда жазылған кітаптарды оқу міндеттелуі қажет.

Кейбір Еуропа елдеріндегідей диаспорлардың сырт әлемнен шектелген, томаға-тұйық ортасы қалыптаспас үшін Ресейдің құрамындағы республикалар мен жергілікті билік өкілдері мигранттарға әлім-жетік жасап, езгіге салмауы тиіс, ал, мигранттар өздері қоныс тебуді қалаған аймақтардың дәстүрін сыйласын. Осылай дей келіп, Путин миграция мәселесінде РФ белгілеген ережені бұзатындар қатаң жауапқа тартылатынын да ескертеді.
«НГ»-да жарияланған мақаласында Путин КСРО-ның қалай ыдырап кеткеніне сын көзімен сараптама жасайды. «Дәл сол уақытта, - деп жазады Путин, - биліктің орталықтан басқарылуына қарсы күштер социалистік республикалардың енші алып кетуіне ықпал етті. Олар онымен де тынбай РФ-ның құрамындағы елдерді де еліктіріп бақты. Ақыры не болды? Аймақтарда этносаралық қақтығыстар туып, азаматтық соғыс жүріп өтті. Сол қақтығыстар мен соғыстарды қолдан жасағандарда не саяси ерік-жігер, не жауапкершілік болған емес.  Бүгінде сондай жымысқылардың арамыздан әлі де арылмағанын жасыра алмаймыз. Бізге қарсы  теріс пиғылдағы жандар Ресейді  федератифті емес, ұлттық мемлекет жасау қажет деп сөйлейді. Сөйтіп КСРО-ны күйреткені сияқты олар енді РФ-ның түбіне жетпек».
«Жарайды, - дейді Путин, - «Кавказды асырағанды қой!» дегендердің тілін алайық. Ендеше, күтіңдер ертең «Оралды, Сібірді, Қиыр Шығысты, Поволжьені, Подмосковьені асырағанды қой!...» деген ұрандар көтеріледі»
«Ресей, - дейді Путин мақаласының «Единый культурный код» тарауында, - көпұлтты қоғам, бірақ біз бір халықпыз».
Путиннің көпұлтты, әйткенменде бір халық атанып отырған елінің Қиыр Шығысы қазір қарқынды түрде қытайлануда. Қиыр Шығыстың тұрғындары қытайдың дихан-шаруаларына аса құрметпен қарай бастаған сияқты. «Мәскеу бізді ұмытты. Қиыр Шығысты игеруге Путин мен Медведев тандемінің қауқары жетер емес. Сондықтан қытай мигарциясының тоқталмауын талап етеміз. Қытайлар бізге жол салып, жейтін тамағымызды тауып беріп жатыр», - дейді олар.

Материалды дайындап, шолу жасаған Сайын Бөлек
«Абай-ақпарат»

0 пікір