Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Деп жатыр 4948 20 пікір 4 Қараша, 2020 сағат 12:27

Марғұлан Сейсембай: Қырым - Украинаның территориясы!

Қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай «ГОРДОН» интернет-басылымының негізін қалаушы Дмитрий Гордонмен болған сұхбатында Қырымды Украина территориясы деп санайтынын айтты.

Сейсембай - Грузияның экс-президентінің серіктесі, Украинаның Реформалар Атқару комитетінің басшысы Михаил Саакашвилидің Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінде жұмыс істейді.

«Менің ойымша, Қырым - бұл Украинаның территориясы, бір кездері Ресейдің құрамында болған. Бірақ кімнің қай жерде болғаны маңызды емес. Бұл үшін біз, қазақтар, Ресейге де көп нәрсені көрсете аламыз. Орынбор біздікі. Томск те біздікі. Онда, сайып келгенде, егер сіз түріктерді алсаңыз, Түрік қағанаты. Қай нәрсеге мән беруге байланысты», - деді Сейсембай.

Сонымен бірге ол Қазақстан өзінің көршілеріне аумақтық шағымдар айтпайтынын жеткізді. «Біздің Өзбекстанмен де аумақтық мәселелеріміз бар, бірақ біз көрсетпейміз...», - деді қазақстандық кәсіпкер.

Ол сондай-ақ «Қырым - бұл Украина, бұл тіпті талқыланбайды» дегенді баса айтты. Және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан билігі 2014 жылы Қырымдағы оқиғаларды аннексия деп атаған жоқ деп айтқанының себебін түсіндірді.

«Ал, сіз білесіз бе, Тоқаев мүмкін парадигмасында жұмыс істейді. Ол саясаткер. Саясат дегеніміз мүмкіндіктің өнері. Бірақ мен саясаткер емеспін - мен жеке адаммын», - деді Сейсембай. Ол Ресейдің Украинаға қарсы әрекеттерін агрессия деп бағалайтынын, бірақ Ресейді дұшпан ретінде қабылдамайтынын атап өтті.

«Бұл бауырлас халық. Біз үшін Ресей, украиндар - бәрі де бауырлас халықтар. Ал біз Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты қарасақ, екі бауырың төбелескен сияқты», - деді Сейсембай.

Ресей Украинаны әскери бөлімдерінің күшпен блокадасынан және 2014 жылдың 16 наурызындағы заңсыз референдумнан кейін Қырымды аннексиялады. Түбектің Ресейге қосылуын Украина және әлемнің көптеген елдері мойындамайды.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2094
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2513
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2180
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617