Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2798 4 пікір 2 Қараша, 2020 сағат 15:24

Партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр

2021 жылы Республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр. Бұл туралы «minber.kz» порталы жазыпты. 

Саяси партиялардың Республикалық бюджеттен әр жылы қаржы алып отыратынын білесіз бе?

Иә, «Саяси партияларды қаржыландыру Ережесіне» сәйкес, Мәжіліске өткен саяси партиялар жыл сайын бюджеттен қаржы алып отырады. Келесі Парламент Мәжілісі сайлауына дейін.

Оның көлемі соңғы сайлауда алған дауыс санына қарай болады. Ережеге сәйкес, соңғы сайлауда алған әр дауысына сол жылға бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінің 3% көлемінде алады. Биылғы Ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болса, оның 3% = 1275 теңге.

Сілтемеде 2016 жылғы Парламент Мәжілісі сайлауының қорытындысы бар: https://www.election.gov.kz/kaz/news/messages/index.php…

Сол сайлауда Мәжіліске өткен үш партияның жыл сайын қанша қаржы алып отырғанын есептеп көруді ұсынамыз.

Ескерту: Ең төменгі жалақы мөлшері жыл сайын өзгеріп тұрады. Есептеу кезінде сол жылға бекітілген мөлшерге сүйену керек.

Ал 2021 жылы Республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр екен.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1454
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1301
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1107