Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2572 0 пікір 2 Қараша, 2020 сағат 12:57

«Қарадала» халық театры «Ескендір» қойылымына шақырады

Бүгін кешкі сағат 17:00 де Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұйғыр ауданында шымылдығын ашқан «Қарадала» халық театры А.Құнанбаевтың поэмасының желісімен «Ескендір» қойылымының премьерасына арналған пресс-конференция өтеді.

Іс-шараға ҚР Халық артисі Тұғңышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, сондай-ақ Алматы облысы мәжілісінің депутаты Ызғарбек Бектұрсынов, қоюшы-режиссер Асқар Наймантаев және аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханов қатысады.

Модератор – Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбав Марлен Қапашұлы.

«Ескендір» - Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Шығарма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызға құрылған.

Автор Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Пьесада жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.

Спектакльдің қоюшы-режиссері – Асқар Наймантаев.

Премьера 18:30-да Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2531
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1638