Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3002 3 пікір 2 Қараша, 2020 сағат 12:23

Гүржі оппозициясы митингке шықты

Тбилисиде оппозиция жақтастары парламент ғимараты алдында митингке шықты.

"Біртұтас ұлттық қозғалыс" лидерлерінің бірі Саломе Самадашвили митингте партия дипломатиялық миссия басшыларына биліктің "Грузин арманы" партиясының сайлаушылардың дауысын қалай сатып алғанын дәлелдейтін құжаттарды ұсынауға дайын екенін жеткізді.

Сайлау өтіп, учаскелер жабылған бетте "Грузин арманы" жақтастары митинг өткізді. Оның лидері Бидзина Иванишвили жеңіске жеткенін мәлімдеді.

ЕҚЫҰ бақылаушылар делегациясы елде өткен сайлауға оң баға берді. Бірақ сайлау кампаниясы кезіндегі кемшіліктерді атап өтіп, қаржыландыруды бақылау жеткіліксіз деген.

Алдын ала мәлімет бойынша, бюллетеньдердің 90 проценті тексеріліп, "Грузин арманы" 48,05 процент дауыс жинаған — бұл үкімет жасақтауға толық мүмкіндік береді. "Күш бірлікте" бірлескен оппозициялық қозғалыс 27,07 процент дауыс алған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1407
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1240
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 996
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067