Сенбі, 27 Сәуір 2024
3086 1 пікір 31 Қазан, 2020 сағат 19:31

Зеленский Конституциялық сотты таратуды ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский 30 қазанда Жоғарғы Радаға Конституциялық сотты таратуды қарастыратын заң жобасын ұсынды. Ол соттың бір шешімінің күшін жойып, ол шешімді қабылдаған судьялардың құзыретін тоқтатқысы келеді.

Украина Конституциясында Конституциялық соттың судьяларын парламент немесе президент шешімімен қызметтен алу қарастырылмаған. Судьяларды босату туралы шешімді соттың өзі қабылдауы тиіс.

27 қазанда Конституциялық сот Украинаның жемқорлықпен күрес мекемесінің шенеуніктер мен депутаттардың декларацияларын тексеруін, ол құжаттарды азаматтарға да көрсетуді қарастыратын құзыреттерін заңсыз деп таныды.

Одан соң Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шұғыл жиналысын шақырды, деп хабарлайды "Интерфакс". Үкімет жемқорлықпен күрес агенттігіне шенеуніктердің декларацияларын азаматтарға көрсетуді тапсырды. Украина заңдары бойынша, Конституциялық сот шешімін жоюға немесе оған шағымдануға болмайды.

Abai.kz

1 пікір