Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
4229 12 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 11:32

Қырғызстан Қазақстаннан көмек сұрады

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан қайтарымсыз дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарын сұраған. Бұл туралы Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

29 қазанда Руслан Қазақбаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен барып, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездескен.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және миграциялық салада қырғыз-қазақ ынтымақтастығы сөз болған.

"Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты Руслан Қазақбаев қырғыз тарабына қаржылай-техникалық көмек көрсетуді сұрады", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек екі ел арасындағы шекарада жүк өткізу кезінде болатын қиындықтарды жою мәселесі талқыланған. Қырғыз тарабы жүк өткізуде біріңғай алгоритм жасауды ұсынған. Сонымен бірге шекара аймағынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін бірлескен сауда-логистикалық орталық ашу ұсынылған.

Су-энергетикалық мәселелер де сөз болған. Кездесу қорытындысында бауырлас екі елдің қарым-қатынасы одан әрі берік дами беретініне сенім білдірген.

Abai.kz

12 пікір