Жұма, 26 Сәуір 2024
3442 1 пікір 28 Қазан, 2020 сағат 13:03

Еуроодақ Қырғызстанға 6 млн еуро бөлуді кейінге қалдырды

Еуропалық одақ Қырғызстанға сандық жүйеге көшу үшін 2021 жылға бөлінуі тиіс 6 млн еуроны бір жылға тоқтатып қойды. Бұл ақпаратты Қырғызстандағы Еуроодақ өкілдігі растады.

Алайда, осыған дейінгі Еуроодақтың білім, денсаулық саласы мен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған бағдарлама жалғасын таба береді.

Ал Еуропалық одақ пен Қырғызстанның ынтымақтастығы жолындағы 2021-2027 жылдарға арналған жаңа бағдарлама парламент сайлауы өтіп, жаңа үкімет құрылғаннан кейін барып талқыланбақ.

Қазір Қырғызстан қаржылық қиындық көріп, шетелдік әріптестерінен көмек сұрап жатыр. Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев Еуропалық одақтан бюджетті толтыру үшін көмек сұрады. Қаржы министрлігі Ресей 100 млн доллар бөледі деп мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір