Сәрсенбі, 28 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110684. Жазылғандар — 105766. Қайтыс болғандар — 1825
679 2 пікір 17 Қазан, 2020 сағат 13:30

Әзербайжанның Гянджан қаласына зымыран түсті

Армения қарулы күштері Әзербайжандағы екінші ірі қала Гянджаны зымыранмен атты. Салдарынан 12 адам қаза тапты, 40-тан аса адам жарақат алды. Оқиға 17 қазанға қараған түні болды. Бұл туралы Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik-Әзербайжан.

20-дан аса ғимарат қирады, көптеген азаматтық инфрақұрылым нысандары мен қала автокөліктері зардап шекті. Бас прокуратура оқиға болған жерде жәбірленушілердің тізімін нақтылау бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Әзербайжан тарапының мәліметінше, Гяндж қаласына СКАД (Р-17) жедел-тактикалық баллистикалық зымыраны атылды.

Сондай-ақ, Хикмет Гаджиевтің айтуынша, Әзербайжанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Мингячевир қаласына жоспарланған зымыран соққысының алдын алған. "Олар оқ жаудырып, қалаға жіберілген баллистикалық зымыранды жойды", - деп хабарлайды haqqin.az.

Өз кезегінде Армения СІМ өкілдері Әзербайжанның пилотсыз ұшақтары жұмада Армения аумағына соққы жасағанын хабарлайды. Бұл туралы Sputnik-Армения жазды.

Abai.kz

2 пікір