Сенбі, 18 Мамыр 2024
2373 0 пікір 12 Қазан, 2020 сағат 11:32

Қазақстанда синтетикалық есірткі зертханасы анықталды

Қарағанды полициясы синтетикалық есірткі жасайтын зертхананы анықтады.

Полиция мәліметінше, 10 қазанда бір келі синтетикалық есірткімен ер адам ұсталған. Кейін үйін тінту барысында зертхана бар екені анықталған.

Зертханадан бес келі есірткі заттары тәркіленген. Қарағанды облыстық полиция департаменті жалпы құны 76 млн теңге болатын есірткі заттары тәркіленген.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Күдікті кінәлі деп табылса, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дәрігерлер синтетикалық есірткі пайдаланатын адамдарды айықтыру өте ауыр екенін айтады. Оны емдеуге бірнеше жылдар кетеді дейді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 26 мың адам есірткіге тәуелді ретінде есепке тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646