Сенбі, 18 Мамыр 2024
2816 2 пікір 12 Қазан, 2020 сағат 11:23

Тәжікстанда президент сайлауы өтті

Тәжікстанда 11 қазанда президент сайлауы өтті. Елдің барлық аймағында сайлау учаскелері 6.00-да ашылып, 20.00-де жабылды. Бұл Тәжікстанда 1994 жылдан бері өткен бесінші президент сайлауы.

Елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода сайлау өтті деп мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, түске дейін сайлаушылардың 70,7 проценті дауыс берген.

ОСК мәліметі бойынша, Тәжікстанда 4 млн 900 мың 545 адамның дауыс беру құқығы бар. Азаматтардың жартысы Ресейде және Қазақстанда жұмыс істеп жүр.

Тәжікстанда өткен президент сайлауына бес елден 145 халықаралық бақылаушы қатысқан. Олардың арасында ЕҚЫҰ-ның 7 өкілі де бар.

Сайлауға бес үміткер қатысты.

Олар - Коммунистік партия атынан Абдуллоев Миродж (бірінші рет қатысып жатыр). Социалистік партия атынан Гаффорзода Абдухалим (үшінші рет). Аграрлық партия атынан Латифзода Рустам (бірінші рет), Экономикалық реформалар партиясы атынан Рахматзода Рустам (бірінші рет), Халықтық-демократиялық партия атынан Эмомали Рахмон (бесінші рет).

Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері билік тізгінін ұстап келеді. 2016 жылдың 4 ақпанында Тәжікстанның Конституциялық кеңесі Эмомали Рахмонға шексіз сайлауға түсуге мүмкіндік беретін өзгерістерді заңды деп таныды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651