Сенбі, 18 Мамыр 2024
2473 0 пікір 12 Қазан, 2020 сағат 10:47

ҚМДБ көпбалалы отбасыларға баспана кілтін табыстады

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған сапарында «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасына пәтер сыйлау рәсіміне қатысты.

Қаланың жаңа шағынауданындағы екі бөлмелі қос пәтер көпбалалы отбасыларға бұйырды. Ақтаулық Снежана Базарқұлова үй кезегінде 2001 жылдан бері тұрса, алты баланың анасы Ақсұлу Алмасбаева осы кезге дейін пәтер жалдап жүрген екен.

Қайырымдылық акциясының 280 және 281-баспана кілтін қос отбасыға Бас мүфтидің өзі тапсырып, жаңа қонысқа тұрмыстық техникалар тарту етті.

«Жаңа қоныстарыңызға бір Алладан құт-береке тілеймін! Шаңырақтарыңыздан елін, жерін құрметтейтін, ата-анасы, ағайын-тумасына қамқор болатын ақылды, иманды перзенттер өсіп-өне берсін! Қуаныштарыңыз ұзағынан болғай!» деп Бас мүфти батасын берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646