Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2653 0 пікір 9 Қаңтар, 2012 сағат 08:05

Ұлттық банк айналымға дизайны өзгертілген номиналы 5 мың теңгелік банкноттарды шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 5000 теңгелік банкнотты 2011 жылғы 30 желтоқсаннан айналысқа шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Таратылған баспасөз баянына сәйкес, банкноттың өлшемі 144х76 мм қағазда дайындалған. Бет жағында басым түс қызыл, суреттер негізінен тігінен орналасқан. Сырт жағында: қызыл мен көк түстер басым, суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан.

«Банкноттың бет жағындағы негізгі бейнелер банкноттың оң жағында орналасқан «Қазақ Елi» монументі, ортада ұшып жүрген кептерлердің бейнесі, барыстардың суреті», - делінген хабарламада.

Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада - номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған.

«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

АЛМАТЫ, 9 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625