Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2517 0 пікір 9 Қаңтар, 2012 сағат 05:30

Шәріпхан Қайсар. Атылған үйректер

Сонымен, апыл-ғұпыл жарияланып, үдерісі апыл-тапыл жүріп жатқан мәжіліс сайлауының мәреге жетуіне бір күнсіз апта қалды. Алайда, бір жылға жетерлік оқиға ауқымы өткенін де аңдамай отыра алмаймыз. Оппозициялық партияның өкіметтік альянсқа кіргенін де, оппозициядағы азаматтардың саяси алаңдарын алмастыра салғанын да көз көрді. Қызығы, кейбір партияның аталмыш науқан барысында бағдарын екі рет өзгертіп, басшысын екі рет ауыстырғаны болды. Әйтеуір, саяси сценарий авторларының бұйрығымен шетке шыққан саяси үйректерді бытырлатып ату өз жемісін піскен алмадай беруде. Бұл сайлауалды науқанының саяси алаңды сыпыру технологиясының нәтижесі екені мәлім.

Бұл жолы әңгіменің барысын «Руханиятқа» бұрған барынша қызықты. Басында ар жақ, бер жақпен ақылдасып, салмағын арттыруды көздеген бұл партияның жаңа басшылығы ұлтшыл ауыр салмақты Мұхтар Шаханды рухани басшылыққа тартқанда, халық та аң-таң, судағы балық та аң-таң болғаны рас. Себебі, өкіметті өкірте сынап, қарсыласып жүрген МШ (бұлайша атау Мұқаңның сөз тіркестерінен бас әріптер тізбегін жасағыш әдетінше беріліп отыр) қалайша биліктің ауласынан шыққан «Руханиятқа» күмп берді деген сауал саулап қоя берген еді. Алайда, ауланың сыртында жүріп қожайынды сыбағаннан ештеңе бітпейтінін сезген МШ да, оның электораты да бұл қадамды қостағаны рас.

Басында Аппаратпен (бұл саяси сценарийді белгілеуші ресми топ) келіскен «рухшылдар» Өзен оқиғасына келгенде аяқтарын шалыс басты. Бұл оқиға жандарын толқытқан ұлтшылдар бар назар мен саяси шараны осыған беттетуге мәжбүр еді. Ішкі толқыныстарға шыдамаған партия халықшылдық қасиетін танытқысы келіп-ақ бағып, оқиғаға өкіметті кінәлаумен болды. Бұл шынайы тарих үшін қажеттілік болғанмен, саясат үшін әжетке жарай қоймайтын бастама болатын. Жағдайдың ушыға бастағанын сезген аппарат көпір үстінде ат ауыстыруға болатынын дәлелдеуге кірісіп кетті: жалмажан бұрынғы партия лидері АЖ (Жағанова) апамызды іске қайта қосты. Ол жаңа басшылықты алаяқ деп кінәләп, әрекеттерін заңсыз деп бас прокуратураға шағынды.

МШ-ны Өзен оқиғасын көзір етуге итермелеген ұлтшыл-экономист МТ (Мұқтархан Тайжан) болса керек. МТ өз партияластары Өзен оқиғасына басты назар аудармағаны үшін қатардан кеткені белгілі, ал оған жауап ретінде МШ басшылығы билікке құқай көрсеткен мәлімдеме жасады.

Ақырында Астана АЖ-ға қол ұшын беріп, барлық бюджеттік ұйымдардан жаңа мүшелер тартып, «Руханияттың»  балама құрылтайын ашып берді. Мұның барлығы халықтың өзі қатысып отырған шара ретінде ешкімге ешбір құпия жай емес.

Ақыры ОСК бас прокуратураның уәжіне сүйене отырып, «Руханият» тізімін сайлаудан аластап тынды. Айтыскер Сара әжеміз «Жиенқұлға келгенде шықпас даусым» демекші, елдегі жаңа ғасырдың ең қайғылы қанды оқиғасы болып тарихқа енген  Өзен оқиғасы  ұлтшылдарға көзір емес шідер болды.

Мәселе, билік тарапынан істелген қиянатта емес, о бастағы саяси келісім бойынша белгілі бір қамашаудан (рамка) шығып, келісімнің шырқын бұзған «рухшылдардың» әрекетінде шығар. Өйткені, өкіметке барып, бір оқиғаға бола барлық мақсатты тәрк ету емес, дәйекті сөз бен ұлттың жоғын жоқтау ұлтшылдардың басты мүддесі болуы керек еді. Саясатта кейде принцип емес, бастысы белгілі бір нәтижелі қадамға баруды көздеу болып табылады. Бұл жолы ұлтшылдар мәжіліс табалдырығын аттап тұрып, кіруден бас тартқан шараның иесі болды. Олар атылған үйректердің арасынан бір-ақ шықты. Десек те, бұл саяси баталияның басы болуы ықтимал...

«Абай-ақпарат»

Нұра Матай. 12-3=? немесе саясаттағы кәрілік көріністері

Саяси үрейдің құшағында қытықтаса көзі жасаурап күліп, көзін алайтса, даусын шығармай өксіп жылап алып, бүкіл қоғамдық-саяси ашу-ызасын коммент жазудан алатын қазақтың түйіп айтқан пәлсапалық сөздерінің бірі: «жас күнің де  - бір бала, қартайғанда - бір бала». Біздің биліктің бүгінгі саяси ойындары да баланың ермегі, қаусап қартайған кісінің баладай болып кететін мінез-құлқынан аумай қалды.

Мысалы, «Азаттан» азар-безер болған мүшелері сайлау жақындаған сайын топырлап «Ақжолға» өтіп жатыр. Комментшілер «Ақжолдың» адалдығына екі дүниеде сенбейміз», деп шу-шұрқан болып жатады. Тап бір «Ақжол» сайлаушылардың партияға адалдығына зәру болып отырғандай. Әлгі партиядан партияға қоныс аударуды бір сарапшылар «Мұндай жағдайлар партияның әлі қалыптасып үлгермегенін көрсетеді» дейді. Көрдіңіз бе, болашақта сайлау, саяси партиялар туралы әңгіменің әуені қалай болатынын.

Құдай-ау, көзіңді бақырайтып қойып, ел-жұрт бар-ау демей ашықтан-ашық баланың ойынындай болып кеткен бұл неғылған саяси ойын десеңіз, тақырыптың екінші жолына қараңыз.

Мысалдың тағы бірі - әуелі Орталық сайлау комиссиясында тіркелген «Руханият» партиясының өткен жылдың қараша айының соңында өткен съезін партияның бұрынғы төрайымы Алтыншаш Жағанова ай жарым уақыттан кейін (!) заңсыз екенін біліп, «Егемен», «Қазақстан», «Хабар» сынды мемлекеттік баспасөз мен арналардан көсіле сөйледі.

Сөйтіп, ұлттық мемлекеттік мүдденің жолындағы «мүриттерміз» деп аракідік «ашық хат» жазып, жұлқынып, билікке «көнбесең күл қыламыз» деп қоразданып қоятын ұлтшылдардың бас сардары Мұхтар Шаханов үміткер болып түскен партия сайлаудан шеттетілді. Мәмбеталин Жағановамен жұлқысып, сотқа кетті. Мұхаңның тобы қаламдарын алып, үйреншікті хаттың кезектісін «бұрқ» еткізді.

Енді, міне, Астанада «Руханияттың» кезектен тыс съезі өтіп, Жағанова партияның жалауын өз қолына алып, биіктен желбіретпекке бекініп, «Руханияттың» көшбасшысы болып қайта шықты. Құдды, Жанна Д Арк дерсің!

Ал, Серікжан сайлаудан салы суға кетіп, саяси күрестен біржола түңіліп, биліктің ойын ережесін сақтамағанына күйініп, аштық жариялады.

Мәмбеталин дегенде, менің ойыма дәуірдің аса талантты ақыны Мұхтар Шахановтың «12-3=?» атты өлеңі оралды. Өлеңде ақын жылдың төрт мезгілінен көктемді алып тастаса не болар еді деген пәлсапалық дүниені негізге ала отырып, жастарына сенбеген, сенім білдірмеген, жол бермеген қоғам жайлы айтады (Әлбетте, менің түсінігімде).

Айтпақшы, осының бәрін ұйымдастырған билік деген әңгіме Алтыншаш апайдың «әділетсіздікке» төзбей, қол қусырып отыруды «ар» көріп, айғай, аттанға басып шыққан кезінде айтылған еді.

Енді қараңыз, Қуандық Тұрғанқұлов - 63 те, Серікжан мырза - 43 те, Алтыншаш апай - 69 да екен. Міне, сізге көктемді көргісі келмейтін саясат. Демек, ақын көреген: 12-3=?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2518
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2213
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625