Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2977 0 пікір 5 Қаңтар, 2012 сағат 09:44

Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына алғаш рет оның бірегей суреттерімен фотоальбом шығарылды

Көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туылғанына жүз жыл толуына Алматыда отбасылық мұрағатындағы оның бірегей суреттерінен фотоальбом жасалды.

Олардың мәліметтерінше, 2012 жылы Қазақстан Қонаевтың туылғанына жүз жыл толуын кеңінен атап өтпек. Альбомды Қазақстан Журналистика академиясының академигі Жандаулетов Валерий Айтмұқашевичтың редакциялауымен Д.А. Қонаевтың ұрпағы - Диар Асқарұлы Қонаев пен Дінмұхамед Диарұлы Қонаев дайындап шығарды.

«Альбом Димаш Ахметұлының өміріндегі маңызды кезеңдерге сәйкес келетін бөлімдер бойынша құрылымдалған. Д.А. Қонаевтың Қазақстан басшылығында болған жылдарында жинақталған жеке мұрағаттағы бірегей фотосуреттері алғашқы рет жарияланбақ», - деп атап өтілген хабарламада.

Альбом беттерінен Дінмұхамед Қонаевтің ХХ ғасырдағы белгілі тарих тұлғаларымен және  саясат қайраткерлерімен - Индия басшылары Джавахарлар Неру және Индира Гандимен, АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр және Въетнам президенті  Хо Ши Минмен, Мысыр басшылары - Гамаль Әбдел Насер және Анвар Садатпен, Солтүстік Корея президенті Ким Ир Сен және Қытай премьері  Чжоу Энь Лаймен, Иран шахы Реза Пехлеви және Жапония Ясухиро Накасонэмен, Франция президенті Жорж Помпиду және Алжир президенті  Хуари Бумедьенмен, сондай-ақ, басқа да көптеген шетелдік қайраткерлермен түскен сирек суреттерін  көруге болады.

Сонымен қатар, Д.А. Қонаевтың өмір жолы қиылысқан Кеңес Одағы және Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалар - Г.Маленкова, К.Ворошилова, С.Буденный, Ю.Гагарин, Н.Хрущев, Л.Брежнев, Ю.Андропов, К.Черненко, М.Горбачев, Э.Шеварднадзе, Г.Алиев, Ш.Рашидов, В.Щербицкий, П.Машеров, А.Громыко, Г.Романов, Н.Назарбаев, Ж.Шаяхметов, Ж.Тәшенев, К.Сәтпаев, Б.Әшімов, А.Асқаров, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Б.Төлегенованың фотосуреттері де жарық көрген.

Фотоальбомда жақын туыстарымен демалыс кездерінде, Д.А. Қонаев өмір сүрген пәтерде түскен сирек отбасылық мұрағаттағы суреттерді  алғашқы рет көруге болады. Фотоальбомға енген қайраткердің марапаттары мен шетел мемлекет басшыларының берген сыйлықтары, оның жинаған суық және оқпен атылатын қару-жарақ  коллекцияларының және оттықтарының бірегей коллекциясының фотосуреттері аса қызықты болып табылады.

Альбом "Халықтың мәңгілік жадында" деген бөліммен аяқталады. Оған  Дінмұхамед Қонаевқа қойылған ескерткіштердің, ұлы тұлғаның құрметіне аталған мектеп, жоғарғы оқу орындары мен көшелердің суреттері, сондай-ақ, қылқалам шеберлерінің қайраткерге арнаған туындыларының суреттері енген.

Ұсынылып отырған фотоальбом 500 дана шағын тиражбен шығарылып, қоғамның кең жігі үшін қызықты болмақ.

АСТАНА, 5 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2209
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625