Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2689 0 пікір 5 Қаңтар, 2012 сағат 09:40

Митрополит Александр Қазақстанның православтік христиандарын басталғалы тұрған Рождествомен құттықтады

Алматы. 5 қаңтар. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. Қазақстан православтік шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан метрополиті Александр православтік христиандарды алдағы Рождествомен құттықтады.

«Мен Қазақстан халқы мен біздің республиканың православтік тұрғындарын ... Құдайдың құтқарушысы Христос - Иса Пайғамбарымыздың Рождество мерекесімен құттықтағым келеді», - деді ол бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Ол жұртшылыққа ізгі ниетін білдіре отырып, «Рождество - бейбітшілік, Құдайдың адамдарға деген сүйіспеншілігі мен рақым етуінің мерекесі» екенін еске салды.

«Біздің барлық құдайға құлшылық ететін храмдарымызда осы мереке сыйлайтын тазалық пен жылылықты жүрегімен сезіну үшін православтік адамдар жиналады», - деді митрополит Александр.

Әмірші өзінің рождестволық жолдауында қазақстандықтарға отбасылық аман-саулық пен еліміздегі бейбітшілікті тіледі.

«Христостың Рождествосы біздің отбасыларымызды берекелі сәулесімен нұрландыра түссін, әрбір приходтық қауымдастықты христиандық сүйіспеншіліктің мызғымас одағымен нығайта түсіп, елорда мен шалғайдағы тұрғындарына, өндірістік кәсіпорын еңбеккерлеріне, шаруаларға, біздің құдай берген Отанымыздағы бейбіт және еңбекқор азаматтарымздың рухани күш-жігерін күшейте түссін», - делінген оның Қазақстан Орыс православтік шіркеуінің митрополиялық округының сайтында жарияланған жолдауында.

Мерекенің негізгі құдайға құлшылық ету рәсімі қаңтардың 6-нан 7-сіне қараған түні өтеді.

Митрополит АлександрАстанадағы Успен кафедральдық соборында Құдайға сыйыну литургиясын өткізеді. Алматыда түнгі литургия Вознесен кафедральдық соборында өтеді. Оны округ синодының іс басқарушысы Қаскелең епископы Геннадий өткізеді.

2005 жылдан бері Христостың Рождество мерекесі Қазақстанда демалыс күн деп есептеледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625