Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2921 0 пікір 5 Қаңтар, 2012 сағат 08:49

ЖАҢАӨЗЕН МЕН МӘЖІЛІС САЙЛАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

Еліміз күрделі ахуалды басынан өткеруде. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен мен Шетпеде бейбіт халыққа оқ атылып, ресми деректер бойынша полицияның қолынан 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланды. Бірақ, осы оқиғаның ішінде болған Ресейдің, өзге де тәуелсіз журналистердің, дәрігерлердің деректері бойынша Жаңаөзенде 16 желтоқсан күні 70-ке жуық, енді бір мәліметтерге жүгінсек, жүзден астам адам  қаза тауып, 500-ге тарта адам жараланған. 7 ай бойына билікке талап қойған, кейіннен ашу-ыза жетегіне ерген халыққа кейбіреулердің тапсырмасымен оқ атуға дейін барған  қарулы топты Еуропарламент, АҚШ Конгресі т.б. халықаралық ұйымдар айыптауда. Бұл қанды қырғын қоғамда ерекше наразылық туғызуда.

Енді 15 қаңтардағы сайлауға оралар болсақ, бұл арада тағы бір еске ала кететін мәселе бар. Кілең «Нұр Отан» партиясынан құралған бұрынғы депутаттардың 2012 жылы болуы ықтимал, немесе болмауы мүмкін экономикалық қиындықтарға байланысты уақытынан бұрын таратылуы заңсыз іс еді және сондағы 53 депутаттың 47-інің сайлауға қайта түсуі мүлде түсініксіз. Егер олар экономикалық қиындықтарды жеңуге икемсіз болса, онда неге сайлауға қайта түседі?

Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаға байланысты 5 қаңтарға дейін белгіленген коменданттық сағат, төтенше жағдай  2012 жылдың 4 қаңтарында жарияланған Президент Жарлығына орай 31  қаңтарға дейін ұзартылды. Қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты 15 қаңтарға белгіленген сайлау төтенше жағдайдың ішінде қалып отыр. Коменданттық сағат кезінде сайлауға қатысатын партиялар толыққанды үгіт-насихат жүргізе алмайды және Жаңаөзен халқы қаза болғандарды аза тұтып жатқанда, сайлау өткізудің ақылға сыймайтыны айқын. Сондықтан да өркениетті елдер ұстанған үрдістерге сай, сайлауды кемінде 3 айға кейін шегеруді қажет деп білеміз.

Сайлау төңірегіндегі Ресейде болып жатқан әділетсіздіктер біздің билік басындағыларға да сабақ болуы тиіс еді. Орталық сайлау комиссиясына төрағалық еткен Қ.Тұрғанқұлов осы жолғы сайлауда тағы да заңсыздыққа жол беріп отыр. Бұл комиссия «Руханият» партиясын 10 күн қатарынан тексеріп, заңды түрде тіркеп, депутаттыққа кандидат 27 адамға арнайы құжат берген болатын. Биліктегі кейбіреулердің ұйымдастыруымен ойда-жоқта партия құжаттары заңсыз деп саналып, сайлауға қатысу мүмкіндігінен алынып тасталды. Тіпті бұл істе сот шешімін де қажет деп таппады. Мұның түп төркінінде қандай ойын жатқанын жұрт жақсы біледі. Мәселенің анық-қанығына көз жеткізген АҚШ елшілігі, Еуропарламент, ЕЫҚҰ алаңдаушылық білдіруде. Сондықтан да біз, заңбұзушылыққа әбден еті үйренген, халық мүддесін емес,  тек биліктің ғана тапсырмасын орындайтын қазіргі Орталық сайлау комиссиясының таратылуын талап   етеміз!

«Руханият» партиясының сайлаудан шеттетілуіне партияның бұрынғы жетекшісі Алтыншаш Жағанованың шағымы негіз болғаны баршаға белгілі. Биліктегі кейбіреулерге арқа сүйеген Жағанова 2012 жылдың 7-қаңтары күні партия съезін заңсыз шақырып, «Руханият» партиясын қайтарып алмақшы. Биліктің бүгінгі іс-әрекетіне қарағанда А.Жағанованың ойлаған мақсатына жететіндігі күмәнсіз. Сонда 2010 жылдың 16 наурызында С.Мәмбеталинді партия төрағасы етіп сайлаған «Руханият» партиясының кезектен тыс жетінші съезінің шешімі қайда қалады? Мұндай әділетсіздікке билік шынымен-ақ жол бермек пе?

Жоғарыдағы аталған талаптар орындалмаған жағдайда, Президенттік, Үкіметтік биліктің өз орындарынан кетуі туралы мәселе көтеруге қақымыз бар екенін ескертеміз.

М.ШАХАНОВ, «Тәуелсіздікті қорғау» және «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалыстарының төрағасы, Қазақстанның Халық жазушысы; Х.ҒАБЖАЛЕЛОВ, «Алаш» тарихи зерттеу орталығының директоры; Қ.БОДАУХАН, «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы экономика ғылымдарының кандидаты; С.ЖАКУПОВ, КСРО  Бас прокуратурасының құрметті қызметкері, заңгер, ХІІ-ХІІІ Жоғарғы Кеңес шақырылымдарының депутаты; М.ҚҰЛКЕНОВ, Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Экономист, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы; М.ҚАЛЫБАЕВ, ҚР-на ерекше еңбек сіңірген зейнеткер;С.ЖИРЕНШИНА, Журналист, «Қазақстан» ұлттық арнасының бағдарламалар жетекшісі; Ж.ӘКІМ, биология ғылымдарының кандидаты, «Халықаралық Адам институты» ЖШС директоры, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі; Қ.БІЛӘЛ, Жазушы, ҚР мәдениет қайраткері; М.АБАҒАН, «Кенесары» қоғамдық қорының атқарушы директоры, ҚР Мәдениет қайраткері; Е. РАҚЫШЕВ, Кинорежиссер, «Жас ұлан» киностудиясының директоры; С.ҚАРАҚЫСТЫҚ , полковник, сазгер; Қ.Құрманәлі, сазгер, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының бас директоры; С.Мәмбеталин, эколог, «Руханият» партиясының төрағасы; М.Өтелбаев, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; К.Тәлімұлы ақын, Алматы облысы, Талғар аудандық Мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; Р.Айыпұлы, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық атқару кеңесінің директоры; Қ.Ғабдолла, «Жүздесу» газетінің бас редакторы;А.Жангиреев, дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Қ.Ибрагимов, суретші, Қазақстан Суретшілер Академиясының корреспондент мүшесі; М.Кенжебай, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің доценті, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты;Б.Төлепбергенов, «Тәуелсіздікті қорғау» қозғалысының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары; Ұ.Шамшет, «Айқап» қоғамдық қорының атқарушы директоры; Ж.ШЫМШЫҚОВ; экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры.

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625