Сенбі, 18 Мамыр 2024
3070 3 пікір 2 Қазан, 2020 сағат 11:10

Оспан батырдың ұрпақтарына араша сұрайды

News conference

Осыған дейін сайтымызда «Оспан батырдың ұрпақтары Президенттен араша сұрайды» атты мақала жарияланған еді. Онда Қытайдың қызыл үкіметі Оспан батырдың үш бірдей ұрпағын жөнсіз жаламен өмірбойы қамауға үкім еткені жазылған. Әрі халықаралық ұйымдардан және Қазақстан билігінен осы бассыздыққа араша сұраған болатын. 

Бүгін, 2 қазанда аталған азаматтардың Қазақстандағы туыстары баспасөз жиынын өткізгелі отыр екен. Баспасөз жиыны Алматы қаласында өтеді.


Оспан батырдың ұрпақтарына араша сұрайды! Зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен туыстары Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім етілген Оспан батырдың ұрпақтарына қазақ билігінен, адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдардан араша сұрап, баспасөз жиынын өткізбек.

Қытай билігінің Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға жасап жатқан қысымы ондағы қазақ қандастарымыздың еркіндігін, адами құқығын ауыр дәржеде бұзумен бірге, белгілі деңгейде Қазақстан азаматтарына да өзінің кері әсерін тигізіп отыр. Кейбір ҚР азаматтарының ондағы туыстары, отбасы мүшелері түрлі айыптармен қудалануда.

ҚХР ШҰАР Алтай аймағы Көктоғай ауданында тұратын Нұрлан Нәбиұлы (Оспан батырдың немересі), Нағыз Мұхаммедұлы (Оспан батырдың немерелес ағайындарының ұрпағы), Толқын Соғысайұлы (Осан батырдың аталас ағайындарының ұрпағы) 2017 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың наурызына дейін арт-артынан қамауға алынған. Ұзақ уақыт ауыр қинау көрген оларға қатысты алғашқы сот отырысы екі жарым жылдан кейін ғана, 2020 жылы 10 шілдеде өткен. 24 қыркүйек күні аталған үш азаматқа Көктоғай аудандық орта соты «ұлтшыл», «отан тұтастығына қауіп төндіруші» деген ауыр айыптармен қатар «Қазақстанның тәуелсіздік күнін құттықтап қонағасы берген» деген айыптар тағып өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Айыпталған азаматтар сот отырысында өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарған және негізссіз айыптап, ауыр қинау көрсетіп денсаулықтарына ауыр зардап келтірген Көктоғай аудандық Қоғам қауіпсіздік мекемесі мен Ұлттық қауіпсіздік бюросының әрекетін қайта қарауды талап еткен. Сот үкімімен мүлде келіспейтіндерін ашық білдірген.

Баспасөз жиынының уақыты: 2 қазан 2020 ж. 14:00

Орыны: Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы, (БЦ КазИнвестСтрой, 8-й микрорайон, 4а, 4 этаж).

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2334
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653