Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3138 0 пікір 5 Қаңтар, 2012 сағат 04:29

Жарқынбек Сейтінбетұлы. Сайлау: мұғалім – ерікті волонтер және сәл-пәл заң бұзу

Демократия институттарының бірі, қазақшалап айтатын болсақ демократияның бір мүшесі - ерікті, әділ сайлау. Бұдан шығатын қортынды қандай да бір сайлау болсын ерікті түрде, сайлаушылар даусына жүгініп әділ өтпесе, Қазақстанда демократияның /халық билігінің/ бір мүшесі мүгедек,  яғни мемлекетті басқару тетігінде маңызды, әрі қауіпті ақау бар деген сөз.

Қоғамның өркендеуі де, кері кетуі де сайлаудың әділ немесе әділетсіз өтуіне байланысты.

Біз осыған дейін де бірнеше рет президент, парламент сайлауын өткіздік. Ол дегеніміз - демократиялық қоғам орнатуға, азаматтардың құқын игеруіне, мемлекетті басқаруға жасаған маңызды қадам. Олай болса, кім еркін, бақытты өмір сүргісі келсе, сол азамат сайлаудың әділ өтуін қадағалап, сайлауға бақылау жасауды азаматтық борышым деп санауы керек. Халық атынан билік жүргізуге өкілдік берілгендердің адалдығы, әділдігі, сайлаудың әділ өтуінде екенін жасымыздан, кәрімізге дейін білуіміз керек.

Өткен президенттік сайлауда әділетсіздіктер мен қатар сайлаудағы комиссия төрағалары мен мүшелерінің ҚР «Сайлау туралы» заңынан бейхабар екендігінің куәсі болған едім. Өткенді өтті деп қарауға болмайды. Өткеннің қателіктерін көрсете отырып, болашақта ондай қателіктерге, заңсыздықтарға жол бермеуге тәжірибе жинақтауымыз қажет.

Адам болған соң қателік болады. Бірақ ол біле тұра қасақана, көпшілік үшін жасалатын қателік болмауы тиіс. Біздің елде сайлауда жіберілетін қателіктің, заңсыздықтың бәрі алдын-ала ойластырып жасалатынын кімнен жасырамыз?.. Әсіресе, сайлау күндері.

Оңтүстік Қазастан облысы (ОҚО) бойынша сайлауды бақылау қоғамдық комитетіне  15 қаңтарда өтетін мәслихат сайлауына қатысатын үміткерлерден шағымдар түсуде. ОҚО Созақ аудандық мәслихатына үміткерлер Ғабит Ербергенұлы, Б.Тұрғанбаевтан түскен шағымдарда өздері түскен сайлау учаскелерінің шекаралары 2011 жылы 23 қарашада газетке жарияланып шыққаннан кейін, аудан әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетіліп отырған депутаттыққа үміткердің пайдасына сайлау учаскелерінің шекарасы тағы өзгертілгенін айтады. ҚР Конститутциялық «Сайлау туралы» заңының 23 бап, 5- тармағында Тиісті әкімдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде БАҚ арқылы сайлаушыларды әр бір сайлау учаскесінің шекарасы жөнінде хабардар етеді.

Заңға сүйеніп  мойындасақ, шекараға өзгерту енгізіп  хабарлау үшін жеті күннен артық мерзім көрсетілмеген. Сайлауға түсетін үміткерлер анықталғаннан кейін сайлау учаскесінің шекарасын өзгерту заңда қаралмағандықтан заңсыз деуге болады.

Сайлауда әкімшілік ресурстарды жиі пайдаланудың бір түрі -- мектеп мұғалімдері мен бюджеттік сала қызметкерлерін сайлаушылар тізімін жасауға, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге пайдалану . Бұл жолы да мектеп мұғалімдерін сайлау мерзімі жарияланбай тұрып 2011 жылдың қазан айынан бастап әр мектептен 10 мұғалімнің тізімін ерікті көмекші /волонтер/ ретінде жасақтай бастағанын білеміз. Демек Мәжілістің мерзімінен бұрын тарап, сайлаудың мерзімінен бұрын өтетіні белгілі болған. Айтпағымыз:  қандай іс-шара болсын мұғалімдерге тыным жоқ. Олардың да отбасы, жұмысы бар -- жүйкелерін тоздырып демалыстарында үй аралау оңай ма ? Мұғалімдердің мұңы қанша жыр болғанымен  соған құлақ түретін  бір басшы табылмады.

Шымкент қаласының №101 сайлау учаскесін аралап сайлаушылардың тізімін, жеке куәлік номерін жазып жүрген №77 мектептің Әлия есімді мұғалімінен «куәліктің номерінің қажеті не?»  деп сұрасам: «Ағай, біз тапсырманы орындап жүрміз», дейді. Дұрыс, Әлия тапсырма орындап жүр. Алайда, сайлаушылар тізімін жасағанда жеке куәлік номерлері жазылмайды. Бұлай жазу - келмеген сайлаушылардың куәлік номерлері бар бюллетендерін толытырып жәшікке тастай салады деген заңды күмән тудырады.

ҚР «Сайлау туралы» заңының 24 бап, 5-тармағына сәйкес, жергілікті әкімдер басқа құзретті органдар мен ұйымдардың деректерін, алдын-ала салыстырылған сайлаушылардың тізімін әр жылдың бірінші шілдесінде және бірінші қаңтарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясына беріп тұруға міндетті. Міне, заң бойынша сайлаушылар тізімі жылына екі рет тексеріліп, толықтырылып тұрады.

Заң бойынша сайлауға 20 күн қалғанда аудан әкімдерінің қолы қойылып, учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылады.

Екінші, осы баптың 4 тармағы бойынша  сайлаушылар тізімін жасағанда тек аты-жөні, туған жылы, мекен жайы жазылу керек. Яғни. сайлаушылардың куәлік номерін жазу заңда қарастырылмағандықтан заң бұзылуда.

Бұған қатысты сауалға Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.О.Пакеев: «Сайлаушылардың ҚР азаматы екенін білуге әрі белгіленген базамен салыстыру үшін сайлаушылардың тізімін толтырғанда куәлік номерін жазу қажет болып тұр» дейді. Заңда сйлаушылар тізімін сайлау комиссиялары жасайтыны айтылмаса да сайлау комиссиясын қыстырып қойыпты. Осы арада сұрақ:  неліктен азаматтығын білу үшін куәлік номері керек? Заң бойынша  қандай база болса да сайлаушылардың куәлік номері жазылмауы керек. Басқа сұрақ, жауап, ақталу болмайды.

ОҚО  бойынша сайлауды бақылау қоғамдық комитетіне сайлауға қатысты шағымдар көптеп  түсуде. Тексеріп, зерттелгеннен кейін оның бәрін осы Abai.kz ақпараттық порталында жария ететін боламыз.

Жарқынбек Сейтінбетұлы,

Халықаралық бақылаушы,

ОҚО бойынша сайлауды бақылау қоғамдық

комитеті

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624