Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4390 0 пікір 31 Желтоқсан, 2011 сағат 06:38

2011. Саяси оқиғалар

Жылжабар: Жаңаөзен - жаңару мен жаңғырудың басы

Жұмыр басты пенденің бағзы заманнан бергі қонысы болған жер-жаһан тағы бір жылды аяқтап келеді. Адамзат әлемі үшін және соның бір кішкентай бөлшегі қазақ елі үшін де дүрбелеңге толы мазасыз болған жылдың да соңғы күнтізбе парақтары қалды.

«Abai.kz» ақпараттық порталы осы жылы орын алған ірі оқиғаларға шолу жасап, 365 күнді ой елегінен өткізіп, жылжабар рәсімін жасап отыр.

Сонымен, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аталып өткен жылды да тәмамдап отырмыз. 20 жылдың жылғасында көрген баққанымызды тізсек, сынға «жомарт» болыппыз. Сынға «жомарт», шынға сараңдық танытпауы керек. Рас, 20 жылға ұлт биігінен қарасақ, қуанарлық іске көңілің өседі.

Тәуелсіздікке қол жеткіздік!

БҰҰ-ға толыққанды мүше ел атандық!

Даңқты бабаларымыз дамыл таппай қорғап, алапатын асырған даламыздың тұтастығын сақтап, шекарасын қазіргі заман құжаттарына енгізіп, бекіттік!

Арқаның айлапат төсіне астанамызды қондырып, Елордамыздың қазығын қақтық!

Өзге де өзгерістер мен өнегелі істер баршылық. Енді осы игіліктердің бәріне қазақ егелік етуге тиіс. Мемлекет мүлкін тонағандарға өкпелеп тонымызды отқа жақсақ, оңбаймыз. Өйткені, мемлекет- қазақтың меншігі! Билік те өзіміздікі! Өзіміздікінің бәрін түзеуге, қайта өңдеуге қақылымыз! Қымсынбай, күлбілтелеп, күмілжімей айтуға еркіміз бар: қазақ -туа бітті дарынды халық. 20 жылдықты қортындылар тұста Abai.kz ақпараттық порталы 20 бірдей тұлғаны ұлт көсемі- Әлихан Бөкейхан бейнесі таңбаланған төс белгімен марапаттады. Бүгінгі қазақ, тарихты тану мен табынудың шегінде қалып қоймауы керек.  Өз дәуірімізді игеріп, заманымыздың тарихын жасауымыз керек. Ал, тарихты әлімсақтан тұлғалар жасап келе жатқанын жақсы білеміз. Тарихты жасайтын тұлғалар мемлекет тарапынан мәртебе, билік  құзырынан құрмет іздей бермейді.  Сондықтан, оларды өз бойларындағы қабілет, дарынымен  жұмыс істей алатын жасампаз адамдар деп білеміз. Олар - халық таныған,   интеллектуалдық орта мойындаған тұлғалар. Олар - қазақтың ғылымын, мәдениетін алға оздырып, байрақты бәсекелерде қазақтың Туын көтеріп, әнұранын әуелетіп жүрген тұлғалар. Біз бүгін міне, ұлт көсемі Әлекеңнің 145 жылдығына орай, жасампаз жандарды Әлихан Бөкейханның бейнесі таңбаланған төсбелгімен  марапаттау рәсіміне қол жеткіздік.

20 жылдықтың шегінде қадари халімізше ғаламтордан Abai.kz ақпараттық порталын ашыппыз. Хакім Абай атындағы порталдың қанатын жазып, Masa.kz  интернет газетін шығардық. Кazmunay.kz, Haq.kz деп аталатын сайттар да Абайдың «шапанынан» шығып отыр. Алдағы жылы елдің құқықтық сауатын жетілдіруге қам жасап, Arasha.kz танымдық сайтын дүниге әкелмек ниеттеміз. Бұны қазақ журналистері қауымдаса алса, бірқыдырау іс тындыра алатындығына мысал үшін айтып өткенді абзал санадық. Ал, еңселі еліміз, байтақ жұртымыз жігерлене жұмылса, берекесін таппайтын іс қала ма?

2011. Саяси оқиғалар:

2011-нші жылдың қаңтар айының қақаған аязы саяси жаңалықтарға сергек қарайтын ағайынды тоңдыра алмады. Сол кездегі Семейдегі Шәкәрім атындағы институттың ректоры Ерлан Сыдықов бастап, ан-о-о-о-о-у Еуропада жатқан Олжас Сүлейменовтің өзі қостап «Референдум арқылы президент Н.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзарту жөнінде» бастама көтерді. Ақтүтек боранға қарамастан бүкіл елді аралап, 5 млн. адамның қолын жинаған белсенді топтың «ақадал ниеттерін» президент «қабыл» етпеді. Сөйтіп, бұл төтенше науқанның соңы кезектен тыс Президент сайлауына ұласты. Ал, Ерлан Сыдықов Семейден Астанаға ауысты. Еуразия университетінің ректоры болды.

Осы екі арада ЕҚЫҰ ұйымына төрағалық еткен алты айымызды қортындылап, Астанада аталған ұйымның саммитін өткіздік. Саммиттен есте қалғаны жасы біразға келген Ресей әншісі Иосиф Кобзонның мінбеге шыққан бетінде жүрегі сыр беріп, жығылғаны болды.

Міне, жыл басынан жалындап басталған саяси оқиғалардың ақыр соңы кезектен тыс мәжіліс сайлауын жариялаумен мәресіне жетті.

Айтпақшы, қоғамның қарсылығына қарамастан еліміз Кедендік одақтың мүшесі атанды. Сөйтіп, Ресеймен арадағы кеден бекеттері алынып тасталды. Сарапшылардың сөзіне сенсек, кедендік одақ келісімдерінің көбі Ресейдің мүддесі тұрғысынан қабылданған көрінеді.

(саяси оқиғаларға байланысты жарияланған мақалаларды мына сілтемелерден оқи аласыздар: http://old.abai.kz/content/kk-ata-zanga-referendum-arkyly-nazarbaevtyn-okilettikterin-yzartu-turaly-t-zetulerdin-konsti, http://old.abai.kz/node/6522, http://old.abai.kz/content/nyra-matai-sharshatpaimyz-dep-zoryktyrmasanyzdar-boldy, http://old.abai.kz/content/nyra-matai-zheti-minut-zhetedi-eken, http://old.abai.kz/node/6495)

0 пікір