Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3213 0 пікір 30 Желтоқсан, 2011 сағат 05:49

«Ақ жол» - Талдықорғанда

Азат Перуашев Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытының еңбек ұжымымен кездесті

Талдықорған, 2011 жылғы 28 желтоқсан, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Құрамында партия төрағасы А.Перуашев, олимпиада чемпионы Б.Сәрсекбаев, «Қазгранит» компаниясының президенті А.Әбілдаев, «Жас маман» жастар қозғалысының көшбасшысы Е.Ілиясов, Алматы облысының кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Н.Жазылбеков, партияның аймақтық активі бар «АҚ ЖОЛ» партиясының Республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында бірқатар сайлауалды іс-шаралар өткізді.

Орталық Азия мен ТМД аумағындағы ірі деген электротехникалық өндірістік компаниялардың бірі  - Талдықорғандық «Қайнар» аккумулятор зауытының еңбек ұжымымен кездесу болды.

Кездесу барысында «Қайнар» АҚ президенті Қуаныш Әжмағамбетов өзінің «АҚ ЖОЛ» партиясының қатарына мүшелікке өткендігін мәлімдеді.

Ал аймақ сайлаушыларымен кездесу ұйымдастырылған «Ай-Сер» қонақ үйінің залында ине шаншар орын болмады, кездесуге келгендер терезелер алдында отырып, кіре беріске дейін жайғасты. Азат Перуашев «АҚ ЖОЛ» партиясының үкімет пен парламент алдындағы көтеретін бірінші кезектегі мәселелерін айтып өтті, негізінен бағалардың өсуі, азаматтардың табысы, зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру мәселелерімен байланысты сайлаушылар сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, кеңесте кәсіпкерлер құқығының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық және күштеп алушылық, сот шешімдерінің даулылығы сұрақтары талқыланды. Кездесуге келген көлік кәсіпорындарының өкілдері сандық тахографтардың енгізілуімен орын алған жағдай жөнінде айтты. Кәсіпкерлер пікірінше, көлік ведомствасы өкілдері мен тасымалдаушылар арасында келісілген шараларды қабылдау туралы байланыстың болмауы тасымалдаушылар тарапынан мәжбүрлі құқық бұзушылықтардың көбеюіне әкеліп соғып, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасалып отыр. Сөз барысында «АҚ ЖОЛ» партиясының осы мәселеге қатысты Көлік және коммуникация министрлігімен пікірталас жүргізіп жатқандығы анықталды, министрлік тарапынан ресми жауап та келген және қазіргі уақытта партияның Бас прокуратураға үндеуі дайындалуда. Азат Перуашев айтып өткендей, «еркін бизнес-климаттың қалыптасуы - партияның сайлауалды тұғырнамасының маңызды бөлігі және осы бағыттағы партияның басты міндеті - қордаланып қалған мәселелерді шешу және бизнеспен  айналысу үшін қалыпты жағдай жасау».

«Ақжолдықтар» сайлаушыларды алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, партияның Республикалық сайлауалды штабының мүшелері ағымдық үгіт-насихат жұмыстары, байқаушылар жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша аймақтық үйлестірушілермен жұмыс кеңесін өткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1370
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1201
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 947
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1046