Жұма, 26 Сәуір 2024
2623 0 пікір 22 Қыркүйек, 2020 сағат 13:25

Қырғыз медиа өкілдері партияларды сөз бостандығы туралы келісімге қол қоюға шақырды

Қырғызстанның журналистер мен блогерлардан тұратын бастамашыл тобы саяси партияларды сөз бостандығы туралы келісімге қол қоюға шақырды. Бұл жөнінде "Журналистер" қоғамдық бірлестігі хабарлады.

"Журналистер" қоғамдық бірлестігі, Қырғызстанның тәуелсіз журналистер одағы, бірқатар медиасарапшылар мен қатардағы журналистер саяси партияларды сөз бостандығын, демократия мен адам құқықтарын қамтамасыз етуде жауапкершілік алып, келіссөзге қол қоюға шақырды.

Келіссөз мәтінінде қол қою арқылы саяси партиялар парламент қабылдаған жаңа заңдар сөз бостандығы мен журналистерді қаншалықты қорғай алатынына көз жеткізуі керек делінген. Сонымен бірге медиасекторды реттеуге арналған заңдарды әзірлеуде тәуелсіз медиа өкілдер мен сарапшылар қатысу қажет екенін түсінуі тиіс деп атап өткен.

Журналистер үндеуінде Қырғызстан тәуелсіздік алған 29 жыл ішінде билік сөз бостандығын заң арқылы шектеуге үнемі әрекет жасап келгені де айтылған.

Бұдан өзге журналистер, блогерлер өздеріне моральдық және физикалық жағынан қысым жасау қалыпты жағдайға айналып бара жатыр деп дабыл қағады.

Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өтеді. Сайлауға 16 партия қатысып жатыр.

Abai.kz

0 пікір