Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3509 0 пікір 21 Қыркүйек, 2020 сағат 11:26

Қазақстандықтарға Ресейге кіруге рұқсат етілді

Ресей үкіметі Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға Ресейге кіруге рұқсат етті. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, елдер арасында рейс аптасына бір рет болады. Қазақстанмен (Нұр-Сұлтан), Қырғызстанмен (Бішкек) және Беларусьпен (Минск) әуе қатынасы 21 қыркүйекте, ал Оңтүстік Кореямен (Сеул) 27 қыркүйекте ашылады.

"Тағы төрт елдің - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Корея азаматтары үшін коронавирус таралуына байланысты Ресейге кіруге қойылған шектеулер алып тасталды. Бұл туралы үкіметтің қаулысы шықты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан ҰҚК қызметкерлері тек әуе қатынасы ашылатынын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар