Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Талқы 5109 8 пікір 15 Қыркүйек, 2020 сағат 12:11

Су жаңа кеңеске кімдер мүше?

Президент Тоқаевтың арнайы Қаулысы бойынша, Реформалар жөніндегі арнайы кеңес құрылды. Аталмыш кеңесті құру туралы ақпарат Ақорда сайтында жария болды.

«Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген президент Жарлығында.

Реформалар жөніндегі кеңес не үшін құрылды?

Президент Тоқаевтың биылғы, 1 қыркүйектегі Жолдауында экономика, өнеркәсіп, қаржы, әлеуметтік және басқа да салаларда түбегейлі реформалар жүргізу туралы міндеттер қойды.

Осы мақсатта әуелі Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды. Аталмыш агенттікті құру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы 8 қыркүйекте жария болды.

Агенттік ағымдағы жағдайды, қалыптасып отырған тенденцияларды, әлемдік тәжірибені талдап, осы бағыттағы реформаларды іске асыру тәсілдерін әзірлейді. Сондай-ақ, олардың орындалу барысына мониторинг жүргізеді, деген еді ол кезде.

Енді сол жаңа құрылған агенттік пен өзге де мемлекеттік органдардың бастамаларымен қолға алынған реформаларды, реформалардың орындалу барысын қадағалап, бекітіп беретін және бақылап отыратын жаңа кеңес құрылды. Ол – Реформалар жөніндегі кеңес. Құрылған күні – 14 қыркүйек.

Оның басшылық құрамына күні кеше ғана президент Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалған – Сума Чакрабарти де кірген. Сума Чакрабарти осыған дейін Еуразиялық даму және қайта құру банкін басқарған (2012-2020 жылдар).

Су жаңа кеңеске кімдер мүше?

Басшылық:

Қасым-Жомарт Тоқаев – Төраға,

Сума Чакрабарти – Төраға орынбасары,

Мүшелер:

Асқар Мамин – Үкімет басшысы,

Ерлан Қошанов – Президент Әкімшілігінің жетекшісі,

Ерболат Досаев – Ұлттық банк төрағасы,

Қайрат Келімбетов - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттік төрағасы,

Мәдина Әбілқасымова – ҚР Қаржы нарығын басқару және дамыту Агенттігінің төрағасы,

Әсет Исекешев – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Президент көмекшісі,

Тимур Сүлейменов – ПӘ жетекшісінің орынбасары,

Тимур Құлыбаев – «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар