Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4127 1 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 12:45

«Нұр Отанның» «праймеризі» - астыртын үгіт-насихат!

Қазақстанда Парламент сайлауы қашан өтеді? Ешкім білмейді!
Билік сайлау өтетін мерзімді ресми түрде халыққа әлі күнге жария еткен жоқ. Соған қарамастан “Нұротан” партиясы ішкі сайлау - праймериз өткізіп, алдағы сайлауалды науқанға қызу дайындықтарын бастап кеткенін күллі жұрт көріп отыр. Нақтылап айтсақ, Президенттің партиясы “праймериз” дегенді желеу етіп, республикалық дәрежеде астыртын үгіт-насихатты жүргізіп отыр! 

Дамыған елдерде қоғам мұндай әділетсіз әрекетке бірден тосқауыл қойып, “билік пен партияның ауыз жаласуы” деп шу шығарар еді. Ал бізде ықпалды саяси ұйымның эгоистік әрекетіне партиялар да, қоғам да аса мән бермеді. Билік өзі жетекшілік ететін партияға неге басымдық береді? Өзге партиялар басты бәсекелестерінің қулық әрекетін неге сынамады? Қоғам неге дер кезінде реакция білдірмеді? Орталық сайлау комиссиясы неге мұндай заңсыздыққа жол береді? Сайлауалды үгіт-насихат старты бүкіл партияға тең дәрежеде жүргізілуі керек емес пе деген көкейтесті сауалдардың қоғамда болмауы біздегі саяси бойкүйездіктің бір көрінісі. Және елде ресми түрде тіркелген 6 партия да билікке бағынышты екенін айқындай түседі. 

Шынайы саяси бәсекелестік жоқ жерде даму бола ма, айтыңыздаршы? Мынадай көзбояушылықпен алда қандай Парламенттік билік құрып қарық боламыз? “Нұротан” неге мұндай әрекетке барып отырғанын түсіну қиын емес. Батпаққа тіреліп құрдымда қалған кемелерін “тап-таза жаңа толқын” шайып кетіп, саясат мұхитына тағы бір 30 жылға жорыққа аттансақ дейтін ішкі арманы бар. Іші шіріп кеткен кемеге кімді отырғызсаң да, көп ұзамай орта жолда батып кететінін қайдан білсін...

Дина Елгезектің жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1252
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1148
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 884
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1020