Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
2603 0 пікір 29 Тамыз, 2020 сағат 18:49

Қазақстан туристері қай мемлекеттерге бара алады?

Қазақстан Үкіметі бірқатар мемлекеттермен әуе рейстерін қайта ашатынын хабарлады. Мұндай шешім Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған. Бұл туралы Қазақстанның азаматты қавиация Комитеті мәлімдеді.

Қазақстан Үкіметінің Ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес, 17 тамыздан бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Мысыр, Нидерланды, Германия және  Беларусь елдерімен әуе рейстері қайта ашылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен жоғарыда аталған мемлекеттердің құзырлы органдары арасында екіжақты келіссөздер жүргізілген. Ол бойынша, екіжақты жолаушыларға арналған тұрақты әуе рейстерін қайта жандандыру туралы келісімдерге қол қойылған.

«Жоғарыда аталған мемлекеттер Қазақстан мен екіарада әуе рейстерін қайта ашуды қолдап отыр. Талап біреу. Санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау! Ол дегеніңіз – ыстық өлшеу, әлеуметтік қашықтықты қсақтау, бетперде режимін сақтау, ПЦР тестілеу және басқа да карантиндік ережелерді мұқият ұстану.

Осылардың ішінде жалғыз Ресеймен арада өзгешелік бар. Ресейге ұшу үшін Ресей жағынан рұқсат алу керек», - дейді Қазақстанның азаматтық авиация Комитеті.

Халықаралық маршурттар бойынша әуе рейстерінің саны қолданыстағы Үкіметаралық келісімдер бойынша жүзеге асырылады. Яғни, әуе хабарламалары турал келісім негізінде әрбір маршурттағы коммерциялық жүктемелерге байланысты болады.

Түркия қазақстандықтар үшін 200-ге жуық оқу грантын бөледі

Түркия

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе байланысы да қайта ашылатын болды. Қазақстандықтар 1 қыркүйектен бастап Түркияға ұша алады. Бұл туралы Түркияның Транспорт және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаоғлы мәлімдеді.

«Қазақстан мен екіарада әуе рейстері 20 маусым күні ашылған. Кейін 4 шілдеде коронавирус індетінің өршуіне байланысты қайта тоқатылған. Қазір індеттің беті қйтты. Әуе рейстері 1 қыркүйектен бастап қайта ашылады», - деген министр.

Корея туралы қызықты мәліметтер | FAKTILER.KZ

Оңтүстік Корея

2020 жылдың 9 шілдесінен бері Алматы-Сеул бағытындағы әуе рейстеріне ПЦР тестілеудің анықтамасы бар жолаушыларға ғана рұқсат берілген. Онда да ол анықтаманың жарамдылық мерзімі 48 сағат болуы керек. Бұл талап Корей азаматтарынан басқалардың барлығына қойылған.

Аз уақытқа барған саяхатшылар немесе басқа да азаматтар Кореяға бара салысымен стационарда жатуы тиіс. Карантинде жату шығыны күніне 150 мың корей воны немесе 52,8 мың теңгені құрайды. толық карантин шығыны 2,1 миллион вон немесе 739,8 мың теңге. Бұл сома карантоин мекемесіне келгенге дейін төленуі тиіс.

МӘЛІМ ДЕ, БЕЙМӘЛІМ ӨЗБЕКСТАН (басы)

Өзбекстан

Өзбекстанға баратын жолаушылар үшін де ПЦР анықтамалары болуы шарт. Анықтамалар ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы талап етіледі. Анықтама ұшқанға дейін 72 сағат ішінде жасалуы керек. Ал Өзбекстанға келгеннен кейін өз қаражатыңа үйде немесе қонақ үйде 14 күн карантинде жату міндетті.

Прямой перелет Киев-Пекин за 379 € (10 559 грн) туда-обратно | LiveForTravel

Қытай, Таиланд, Гүржістан мен Жапония

Бұл бағыттар бойынша әуе рейстері уақытша тоқтатылған. Мұндай шешімді Қазақстан тарабы қабылдаған.

Қазақстанға келгенде

Қазақстанға шетелдерден келетін жолаушылар әуелі ҚР Үкіметінің санитарлық-карантиндік ережелерімен танысып шығуы керек. Карантиндік шектеулер кезінде Қазақстан териториясына келетін шетелдік  Қазақстан Үкіметі төтелей әуе рейстерін қайта ашқан мемлекеттің азаматы болу шарт.

Айта кетейік, 28 тамыз күні ҚР Туризм индустриясы Комитетінің төрағасы Дастан Адайұлы елдегі туризм шығындары туралы есеп беріп, баспасөз мәслихатын өткізген еді.

Онда Қазақстандағы туризм саласының карантиндік шектеулер салдарынан тұралап қалғаны айтылған. Алайда пандемия кезінде көптеге туристік фирмалардың жұмысына тоқтау салынғанымен, шетелдерге тур сатып алу тоқтамаған.

«Елде енгізілген карантиндік шектеулерге қарамастан, шетелде демалғысы келетін туристер санаы азайған жоқ. Қайта күзгі және қысқа маусымдарға сұраныс көбейді. Біз көп ұзамай жағдайдың тұрақталатынына сенеміз», - деген еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1579
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1200