Жұма, 17 Мамыр 2024
3089 1 пікір 7 Қыркүйек, 2020 сағат 11:15

Минскіде наразылық кезінде ондаған адам ұсталды

Өткен жексенбіде Минскіде президент Александр Лукашенкоға қарсы наразылық акциясы кезінде 200-ге жуық адам ұсталған. Мұндай мәліметті Беларусьтың "Весна" құқық қорғау орталығы келтірді.

Ұсталғандардың аты-жөні ұйым сайтында жарияланды. Әлі толықтырылып жатыр. Беларусь ішкі істер министрлігі наразылық акциясында кемінде 100 адамның ұсталғанын растады.

БАҚ өкілдері мен құқық қорғаушылар Гродно, Брест, Барановичи, Могилёв, Витебск қалаларында да митингке шыққан адамдардың ұсталғанын хабарлады. Tut.By келтірген мәлімет бойынша, Гродно қаласында көшеге шыққан адамдарға аяусыз қатыгездік танытқан. "Шаштарынан жұлды, ұрып-соқты, көзден жас ағызатын газ шашты", - дейді куәгердің бірі.

Минскіде Чеботарев көшесінде соққыға жығылған бір адамды жедел жәрдем көлігіне салып жатты деп хабарлайды "Интерфакс". Минск трактор зауыты маңында да полиция қолынан соққыға жығылған адамдар дәрігердің көмегіне жүгінген.

Ұсталғандардың арасында Үйлестіру кеңесінің мүшесі Ольга Павлова, "Экодом" компаниясының жетекшісі Ирина Сухий мен "Радио Рацыя" журналисі Артём Сизинцов болған.

6 қыркүйекте "Бірлік маршы" деген атпен және "Бірі бәрі үшін, бәрі бір үшін" деген ұранмен акция өтті. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, кемінде 100 мың адам көшеге шыққан.

9 тамыздағы президент сайлауынан кейін билік Лукашенконың 80 пайызбен жеңіске жеткенін мәлімдеді. Беларусьтер бұл нәтижеге сенбейтінін айтып, сайлау бұрмаланған деп көшеге шықты да, жаппай наразылық білдірді. Наразылықтың алғашқы күндері полиция бейбіт шерушілерге күш қолданды, жүздеген адам ауыр жарақат алды. Полиция қатыгездігі наразылықты одан ары өршітіп, шерулер тоқтаусыз өтіп келеді. Кейбір акциялар жүздеген мың адам қатысты. Олар елді 26 жыл басқарып келген Лукашенконың биліктен кетіп, орнына Тихановскаяның президент болғанын талап етеді.

Светлана Тихановская билікке келсе, бірінші кезекте "саяси тұтқындарды" босататынын, "жаңа әділ әрі ашық президент сайлауын өткізетінін" айтты. Ол жаңа президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді.

Беларусьте үкіметке қарсы наразылық акциялары төрт аптадан астам уақыт бойы өтіп келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619