Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Рухани жаңғыру 1913 0 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 14:16

Керекудегі керемет шара - салт-дәстүрді ұлықтауға арналды

Тәуелсіздіктің 29 жылында Мемлекет дамуы үшін қабылданған ауқымды жобалар аз болған жоқ. Соның ішінде Қазақстанның тілдік, рухани, мәдени, әлеуметтік және географиялық аспектілерін толық қамтыған бағдарлама – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы екені даусыз.

Аталған бағдарлама аясында күні бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың да ауқымы ауыз толтырып айтарлықтай. Биыл тамыз айының орта тұсына қарай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталмыш мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері жаңартылып, бүгінгі уақыт талабына сай реформаланатынын мәлімдеген еді. Вице-министр Болат Тілепов: «Рухани Жаңғыру бойынша қолға алынған жобалар елге қызықты әрі пайдалы болуы керек», деп сөйлеген еді.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында: «Рухани жаңғыру бұл – ұлттық сананың әртүрлі пүлістерін үйлестіріп, жарастыратын маңызды тетік. Жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу. Онсыз жаңғыру – жаңғыру болмайды. Құры жаңғырық болады», - деген.

Ал сол Ұлттық код дегеннің өзі – қазақтың мың жылдықтардан жалғасып келе жатқан өмір тұрмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, тілі мен ділі, діні мен дәстүрі, ғылымы мен білімі, өзіне ғана тән ұлттық болмыс-сипаты. Ал оны жаңғырту дегеніңіз – қазақтың ұлттық болмысын бүгінгі уақыт талабына сай икемдеу.

Осыған байланысты,  елімізде атқарылып жатқан әртүрлі ауқымды шаруалар әлі күнге жалғасуда. Соның бірі – Павлодар облысының Ертіс ауданындағы салт-дәстүрді ұлықтауға арналған жоба болып отыр.

Тамыз айында Павлодар облысының Ертыс ауданында, Иса Байзақов ауылында «Отбасылық салт-дәстүр» атты шара ұйымдастырылыпты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аталмыш шара онлайн форматта өткен. Бұл туралы облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесі хабарлады.

Шар ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай жоба ел-жұрттың, әсіресе өскелең ұрпақтың салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын оятады. Шараның түп мақсаты - халқымыздың байырғыдан бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүр-ғұрпы арқылы жастарды білімге, шығармашылыққа һәм адамгершілікке баулу.

Ереже бойынша, екі отбасы қазақтың салт-дәстүріне, наным-сенім, әдет-ғұрпына қатысты ақпараттық және танымдық сипаттағы бейне роликтер түсіруі тиіс болған. Аталған роликте өздері көрсетіп отырған салтқа қатысты кең-молынан ақпарат айтуы керек.

Сөйтіп, онлайн жарысқа қатысушы бір отбасы қазақтық «тұсаукесер» рәсімін көрсетсе, екінші отбасы «құрақ көрпе тігу» рәсімін көрсеткен. Барлық бейне роликтер әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланып отырған.

Шара ұйымдастырушыларының бірі, Байзақов ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Айкүміс Күлахметова: «Әр елдің, әр ұлттық өзіне ғана тән салт-дәстүрі, ырым-тиымдары, наным-сенімдері болады. Ол – сол ұлттың айнасы іспетті. Біздің қазақта да өзіне сай ерекшеліктер аз емес. өзіміздің ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан дәстүріміз бар. Олардың өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі де мол. Сондықтан, осындай шаралардың жиі ұйымдастырылып тұрғаны ұрпақ тәрьбиесі үшін берері мол қазына болмақ», - дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1592
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1492
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1241
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1211