Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2155 0 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 15:57

Президент: Еліміздегі еріктілер санын 100 мыңға дейін жеткізу керек

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен 2020 жыл еріктілер жылы болып бекітілген болатын. Осыдан соң, республиканың түкпір-түкпірінде ерікті жастар ел игілігі үшін еңбекке араласа бастады. Ал, олардың көшбасында НұрОтан партиясы мен оның жанындағы Жас Отан жастар қанатының еріктілері атқарған еңбек өлшеусіз.

Мәселен, барша әлемді алаңдатқан пандемия кезінде ЖасОтан жастар қанаты республика бойынша ең алғаш болып BizBirgemiz акциясын бастаған болатын. Аталған акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету.

Осы бағытта жұмысын бастаған акцияға қатысушылар үш айда еліміздегі ең ірі үш мегаполисте (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы) 100 мың жанұяға 5 миллион маска таратқан. Ал, жалпы республика бойынша 300 мыңнан астам отбасына гигиеналық жабдықтар мен азық-түлік себеттері таратылыпты. Одан бөлек, Жас Отан жастары үш мыңға жуық қарияларды төтенше жағдай режимінде ыстық тамақпен қамтамасыз еткен. Мұндай игілікті іске бес мыңнан астам еріктілер мен белсенділер жұмылдырылған.

Ал, осы айда да партия белсенділері игілікті істердің басы-қасында болды. Мәселен, ЖасОтан жастар қанатының Алматы облыстық филиалының өкілдері коронавирус індетімен бетпе-бет күресіп жүрген ақ халатты абзал жандардың құрметіне “Дәрігерлерге мың алғыс” акциясын ұйымдастырып, “Алғыс жәшігін” қойды.

Бұл салтанатты шараның ашылу рәсімі Талдықорған қаласындағы Арбат орталық демалыс алаңында өткен. Карантин кезінде барлық әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілген бұл шараны қолдаушыцлар көп болды.

Ал, аталған шараның мақсаты қарапайым халықтың дәрігерлерге деген ыстық ықыласын жеткізу. Ол үшін ЖасОтандық белсенділердің қолындағы ұсыныс жәшікке кез-келген тұрғын алғысы мен ұсыныстарын жазып береді. Ал, партия белсенділері әр жазылған ыстық ықыласты хаттарды ақ халатты абзал жандарға табыстамақ.

Одан бөлек партия еріктілері мен белсенділері алда келе жатқан жаңа оқу жылына да дайындықты бастап кеткен. Жыл сайын өткізілетін “Мектепке жол” атты акция биыл да партия еріктілері мен белсенділерінің назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Жас Отан жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Мектепке жол акциясы аясында аймақтағы оқушыларға менктепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуді бастаған. Облыс орталығында бірінші сыныпқа баратын он бүлдіршін оқу жылына қажетті құралдар салынған сөмкелер жиынтығын алды.

Аймақтағы НұрОтан партиясы филиалының ғимараты маңында барлық әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткен бұл шара мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына партияның белсенділері мен еріктілері тарапынан жаңа оқу жылымен құттықтау болып табылады.

Сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңындағы мұндай акция Батыс Қазақстан облысында да бастау алған. Мәселен, 21 тамыз күні НұрОтан партиясының жанындағы ЖасОтан жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы арнайы демеушілердің қолдауымен көп балалы және аз қамтылған отбасылардың бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндеріне жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табыстады.

Бұл өңірдегі Мектепке жол акциясы әрі қарай облыстың 12 ауданында жалғасып, барлығы 100 ден астам бала оқу құралдарымен қамтамасыз етіліпті.

Одан бөлек партия белсенділері Нұр-Сұлтан қаласындағы балалардың да жаңа оқу жылындағы қадамдарына сәтілік тілеп, өз көмектерін көрсетті.

Біз бұған дейін Мемлекет басшысының 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялағаны туралы айттық. Мұның маңызы мен мәні күн өткен сайын артып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еркітілер жылы дегенді науқаншылдыққа айналдырмай, ел халыққа шын мәнінде көмектесу керектігін баса айтқан болатын. Себебі, бүгінгі таңда еліміөздің өсіп өркендеуі жолында еріктілердің де өз үлесі бар екені ақиқат.

Мәселен Президент өз сөзінде: “Еріктілер жылы кезекті науқан емес. Біз оған ерекше мән береміз. Мен еліміздің әр өңірінде волонтер болуға ниетті отандастарымыздың көп екеніне сенемін. Ал, оларға қолдау көрсету үшін Үкімет нақты шараларды қабылдайтын болады”,- деген болатын.

Сонымен қатар, Президент еріктілік халқымыздың өмір салтына айналуы керектігін де баса айтқан.

“Ерікті болуды Отанымыздың бүгінгі және болашақ сипаты ретінде қарастыруға болады. Осыны дәріптеу қажет. Еріктілердің әрбір әрекеті әр азаматқа күш қуат беріп, ынталандыруы тиіс. Мен еліміздегі әр ауыл аймақ осындай игілікті істен шет қалмайды деп сенемін. Бұл бірінші кезекте зор жауапкершілік пен өркениетті елдің белгісі” деген болатын.

Айта кетейік, әлем бойынша 1 миллиардқа жуық адам ерікті болып табылады. Сондай-ақ әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы еріктілер еңбегінің нәтижесі екен. Ал, Қазақстандағы еріктілердің жалпы саны 16 мыңның  төңірегінде. Президент бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеру керек деп есептейді. Себебі еріктілердің қоғамға тигізетін пайдасы ұшан теңіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1548
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1176
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1172