Жұма, 17 Мамыр 2024
2205 0 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 15:29

Волонтерлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы (волонтерлер жылы) деп жариялады. Президент аталған жарлыққа 2019 жылдың тамыз айында қол қойған болатын.

Содан бері тура бір жыл өтті. Мемлекет басшысы өзі баса назар аударып отырғандықтан 2020 жылды волонтерлер жылы ретінде атап өтуге дайындық жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Президент қол қойған жарлық жариялана сала, әр саладағы жауапты қызметкерлер жауапкершілікпен жұмыс істеп, волонтерлер жылын өз деңгейінде өткізуді мақсат тұтты.

Волонтер болу әсте еріккеннің немесе істерге іс таппағаннан кейін істейтін әрекет емес. Ерікті болып өз елінің, өз мемлекетінің өркендеуіне үлес қосу әрібір саналы азаматтың азаматтық борышы ретінде атауға болады. Қазіргі ғасырда істеген жақсы әрекетіне ақы талап етпей, қайта жанын салып өзгелерге көмектесу екінің бірінің қолынан келе бермейтін үлгілі іс. Шынын айту керек, бүгінгі қоғамда өзгеге түгіл өзі үшін жұмыс істемей алмай, бекер жүрген жандар аз емес. Осындай кезеңде өз еркімен ерікті болып, мемлекет басшысының үндеуіне үн қосып, елге бір пайдамды тигізсем деп жүрген еріктілердің әрекеті ерлікпен бірдей.

Бәріміз білетіндей, ел билігі көптен бері елдегі аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы жанұяларға көмек қолын созып келеді. Көмекке мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау аз емес. Мұны ақпарат құралдары мүмкіндіктің жетікенінше нәсихаттап келеді.

Биыл Қазақстан халқы үшін ғана емес, тұтас әлем жұртшылығы үшін ауыр жыл болды. Жыл басынан бері тұтас дүниені табанынан тік тұрғызған коронавирус пандемиясы біраз адамды әбігерге салғаны шындық. Осындай қиын-қыстау күнде ең алдымен зардап шегетін тағы да сол әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар екені сөзсіз. Әсіресе көп балалы отбасылар мен тұрмыстық әл-аухаты төмен тұрғындар пандемия тұсында біраз қиналып қалды.

Жұмысынан айырылып, табысынан қағылған қауымға қол үшін созу үшін мемлкет қолдан келгеннің бәрін жасады. Үкімет миллиондаған қаржы бөліп, ел халқының қиын күндерден қиналмай шығуына жағдай жасады. Біздің бүгінгі сөз етеріміз бұл емес. Біз осындай күнде еріктілердің ерлікке пара-пар изгі істері жайлы сөз еткелі отырмыз.

Ел билігімен, үкіметпен қатар еріктілер қауымы да қысылған халыққа қол үшін созып келеді. Атап айтқанда, атақты «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының еріктілері еліміздегі көмекке мұқтаж отбасыларға өз еріктерімен азық-түлік жеткізіп берді. Атап айтқанда, волонтерлер көпбалалы отбасыларға, мүгедек бала асырап отырған отбасыларға және жалғыз басты қарт адамдарды назарға алды.

Атап айтқанда, ел астанасы Нұр-сұлтан қалсы мен бастыс аймақтағы Ақтау қалаларында тұратын сексен бес отбасы «Қайырымдылық марафоны» қайырымдылық акциясы бойынша, гуманитарлық көмек алды. Бұл гуманитарлық көмек азық-түлік себеттері түрінде берілді.

Еріктілер жоғарда аталған екі өңірде ғана емес, тұтас ел көлемінде көмекке мұқтаж жандарға жан аямай көмектесіп жатыр. Мұның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған нақтылы ақпараттар. Біз бүгін сол ақпараттардың бір парасын ғана назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Біз жоғарыда айтқандай, 2020 жыл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-аухат Қорында да волонтерлік жыл ретінде бекітілген болатын.

Ажар Әбдиева,

Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалық менеджері:

«Біздің міндетіміз-мұқтаж адамдарға көмек және қолдау көрсету. Іс - шараның мақсаты - қоғамның, әсіресе жастардың саналы ойлауын қалыптастыруға үлес қосу және волонтерлік қызметті жетілдіруге жәрдемдесу».

Мемлекет басшысы өзі бастама боылп, жараиялаған еріктілер жылында еліміздің жас буын өкілдірі аянып қалған жоқ. Тұтас ел көлемінде көптеген волонтерлік бірлестіктер, компаниялар құрылып, жұмыс жасап келеді. SK Volunteer компаниялар тобының еріктілер лигасы «еріктілер жылында» құрылды. Олар барша ел азаматтары мен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлерін өзара біріктіріп отыр. Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы белгіленген сайтқа кіріп, арнайы өтініш жазып ерікті болып тіркеле алады.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қор тобында «еріктілер жылына» волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Qamqor бағыты елдегі көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды мақсат тұтады. Ал Umit тобы қоғамдық волонтерлік саналады. Сондай-ақ, Asylmura бағыты бойынша Қазақстан тарихын сақтауға қолғабыс жасалады. Ал Taza Kazakhstan бағыты бойынша, табиғатты аялау бағытында жұмыс жасалды.

Сөз соңында айтарымыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы (волонтерлер жылы) ретінде бекер атаған жоқ. Биылды волонтерлер жылы деп жариялауының астарында, тұтас қоғамды біріктіру, елдің ертеңі болған жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жақсылыққа жетелеу, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу секілді игі мақсаттардың жатқаны сөзсіз.

Ел жастары да ел ағаларының үмітін жерде қалдырған жоқ. Мемлекет басшысының үндеуіне үн қосып, еріктілер жылының көркін қыздырды. Тұтас ел аумағында еріктілердің игі ісі жолға қойылды. Волонтерлердің білек сыбана кірісуінің арқасында көптеген мәселе оң бағытта шешілді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, еріктілердің еңбегі ешқашан елеусіз қалмайтыны сөзсіз. Ел үшін ерінбей еңбек еткен еріктілер қашанда мақтауға лайық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2198
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1623