Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Бетбұрыс 3603 3 пікір 3 Қыркүйек, 2020 сағат 11:30

Шымкентте тойханалар ойханаларға айнала ма?

Өткен апта да ғой. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің білім саласының есебін тыңдады.

4 индикатордың 3-уі, 28 көрсеткіштің 15-і ғана орындалған. Қолға қалам мен қағаз алып, әрқайсысы бойынша нақты іс-шара ойластырылды.

Айтпағым, осылардың ішінде «Қосымша біліммен қамтылған оқушылардың үлесі» деген көрсеткіш бар. Шымкентте бұл көрсеткіш төмен. Бұл оқушылар бір мезгіл білім алып, бір мезгіл түрлі дағдыларын дамыту үшін ойластырылған, баланың сарқылмас энергиясын өзін дамытуға жұмсату үшін қажет көрсеткіш. Бұл практика бүкіл әлемде бар.

Шымкент қаласындағы 147 мемлекеттік мектептің 19-ы үш ауысымда. Жылына оқушылар саны 12 мың балаға артып отыр. Қосымша білім тұрмақ, негізгі білімді қамту үшін жыл сайын қаншама мектеп салу керек.

Әкім ойланып отырды да, «Осы қазір тойханалар жабық. Қашан ашылатыны белгісіз. Солардың иелерімен сөйлесіңдер. Олардың бірқатарын қосымша білім беру ұйымдарына айналдырайық» деп тапсырды.

Кеше мемлекет басшысы коронавирустың тағы екі жылға созылу мүмкін екенін айтты. Оған дейін қалай болатынын қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Оған дейін халық тойды шағын етіп өткізуді әдетке айналдырады деп ойлаймын. Үлкен тойханалардың сұранысқа бұрынғыдай ие болатынына күмәнім бар. Оның үстіне, адамдар көпшілік жерге баруға аяқ тартып қалған.

Осындайда Шымкенттегі 134 тойхананың тағдыры не болмақ? Бос тұра бере ме, әлде қоғамға басқалай қызмет ете ме? Мысалы, маңдайына «Салтанат» тойханасы деп жазылып тұрғаннан, сол ғимаратқа Білім сарайы деп жазып қойса, қандай керемет! Тіпті Білім сарайына иесінің атын берсін.

Менің ойымша, тойханаларды ойханаларға ойналдырудың жолдары мыналар:

  • Coworking center
  • Жастар орталығы
  • Шығармашылық орталығы
  • Оқушылар сарайы
  • IT hub
  • Өнер сарайы
  • Домбыра орталығы
  • Шеберлер мектебі
  • STEM center

Айта берсең, тойханаларды жастардың әлеуетін арттыратын орталыққа айналдырудың түрі көп. Мәселен, Алматыда SmART POINT деген сoworking center бар, қазір IT hub-қа айналып кетті. Қазір Қазақстандағы ең мықты IT-жобалар сонда жасалады.

P.S. Айтпақшы, қазір Нұрсәт ықшам ауданында орналасқан «Оңтүстік» атты салтанат сарайы мектепке айналып жатыр. Бұл ауданда орналасқан 80-мектеп үш ауысымды. Салтанат сарайына бардым. Дворец. Сарай десе сарай. Мұндай зәулім ғимаратты мектепке айналады деп кім ойлаған!

Бірақ бұл әкімдіктің тапсырмасымен ашылған мектеп емес. Тойхана иесінің өз қалауы. Респект. Министрліктен лицензия алған.

Негізі тойханалар, әкім айтпақшы, қосымша білім беру ұйымдарына, жастар орталығы, коворкинг орталықтарға сұранып тұр.

Құрметті кәсіпкерлер, білім саласына қаржы салыңыздар. Табысы аздау болар. Балаларыңыздың болашағы жарқын болсын десеңіздер, білім саласына бас бұрыңыздар.

Шыңғыс Мұқан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2088
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2505
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2158
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1613