Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2497 1 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 14:43

Жапония Олимпиада ойындары үшін жарты миллиард дана коронавирус вакцинасын сатып алады

Жапония Олимпиада ойындары үшін жарты миллиард дана коронавирус вакцинасын сатып алуды көздеп отыр. Елдің әр тұрғынына төрт дана вакцинадан келеді.

Синдзо Абэ үкіметі Олимпиада ойындарын келесі жылы өткізуді көздеп отыр. Олимпиаданың биыл өтуіне коронавирус пандемиясы кедергі жасады.

Премьер-министр Синдзо Абэ Ойындардың көмегімен 2021 жылы Токиоға мыңдаған спортшы мен жанкүйер жинағысы келеді. Билік пандемия кезінде туризм арқылы елдің ішкі жалпы өнімін арттыруды көздеп отыр. Пандемия кезінде ІЖӨ 30 пайыз қысқарған.

- Түрлі компаниялар жыл соңынан келесі жылдың наурызына дейін түрлі вакцина дайындап шығаруы мүмкін. Бірақ біз Олимпиада ойындарын өткізгіміз келеді, - деді үкіметтің бас хатшысы Ёсихиде Суга.

Олимпиада ойындарын өткізуге пандемия жағдайында логистика мәселесі кедергі келтіруі мүмкін, өйткені мыңдаған адам Ойындарға қатысуға және жаттығуға келеді.

Дегенмен Жапония үкіметі тұрғындардың 140-тан астам елге саяхаттауына тыйым салып отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1579
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1198