Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2424 0 пікір 27 Тамыз, 2020 сағат 12:49

Скляр неміс компанияларымен жер қойнауын пайдалану мәселесін талқылады

ҚР Премьер министрінің орынбасары Роман Скляр ірі неміс компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізді. Іс-шара жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығын тереңдетуге арналған.

Онлайн-кездесуге Германияның 100-ден астам жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты, олардың ішінде Volkswagen, Siemens, Linde, Schaeffler, Knauf, Lufthansa, SMS group, DMT және т. б. бар.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр өз сөзінде Германиядан келген әріптестерді бәсекеге қабілеттілікті арттыру, инвесторларға нарықтық жағдай жасау, саланың кәсіби және технологиялық деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Үкіметінің геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалары туралы хабарлады.

Р. Скляр дағдарыстан кейінгі даму жағдайында экономиканы әртараптандыру және жаңа индустриялық өндірістерді құру мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Бұл бағыттағы белсенді жұмыс 2012 жылғы 8 ақпанда ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ГФР-ға сапары аясында қол қойылған «Қазақстан мен Германия арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы» үкіметаралық келісім шеңберінде жүргізілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125