Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2554 0 пікір 26 Тамыз, 2020 сағат 11:18

Кино көріп, той жасайтын күн туар...

Кинотеатр - өркениетті өмірдің бір бөлігі. Оның үстіне жаппай жұртшылық жиналатын қоғамдық орын. Баршаңызға белгілі, 17-тамыздан бастап карантин шаралары біртіндеп жеңілдетілуде. Әзірше, кинотеатрлар мен тойханаларға кезек келген жоқ. Аталған бизнес субьектілердегі жұртшылықтың наразылық білдіруі заңдылық. Осыған қатысты қысқаша түсініктеме.

Біз әуелі мына жағдайға назар аударғанымыз абзал. Адам баласының күнделікті өміріне бірінші кезекте не керек? Әрине, әуелі азық-түлік. Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Сол үшін карантин уақытында дүкендердің жұмысы тоқтаған жоқ. Екіншіден, карантин шаралары жеңілдетілген кезде қоғамдық тамақтану орындарына рұқсат етілді. Яғни, адамдардың азықтануы қашан да бірінші орынға қойылады.

Үшiншiден, қоңыр күз бен жаңа оқу маусымы келіп қалды. Ескіні ауыстыратын немесе жаңадан маусымдық жылы киім алатын кездің бірі осы. Сол себепті киім-кешек сататын орындардың жұмысына рұқсат берілді.
Азаматтар үшін ең басты қажеттіліктер ескерілуде. Азық-түлік, киім-кешек және қатынас. Осы ретте ұшақтар мен жолаушылар пойызы туралы айтсам. Баршаңызға мәлім жолаушылар тасымалында карантин кезінде көптеген шектеулер болды. Тіпті бір кездері барлық бағыттағы қатынас тоқтағанын білесіздер. Жағдайы тұрақталған уақытта ұшақтың ұшуына, пойыздың жүруіне рұқсат етілді. Өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Сол себепті азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасалды.
Ескеретін жәйт, жоғарыда аталған барлық жағдайда қауіпсіздік қатаң талап етілді. Егер байқасаңыздар, барлық жерде бетперде мен антисептик сұралады. Оны орындамаған мекемелер жұмыс істей алмайды.

Ал енді кинотеатрлар мен тойханалар жайында. Адамдар тойсыз, кинотеатрсыз өмірге шыдамдылық танытады. Яғни, осы екеуінсіз өмір сүре алады деген сөз. Оның үстіне кинотеатр да, тойхана да халықтың топтасып отыратын орны. Айта кету керек, жұмыс істеп жатқан сауда орталықтарындағы бутиктерге тұтынушыны топтастырып қабылдауға шектеу қойылған.

Көбіне шыдадық, енді азы қалды деп ойлаймын. Бүгін жаппай барлық салаға рұқсат етілсе, ертең індеттің күшейіп кетпесіне кім кепіл? Сақтансаң ғана сақтайды деген емес пе дана халқымыз. Ендеше жағдай 100 пайыз жақсарғанша әліптің бағудан басқа амал жоқ. Карантиндік талапқа халқымыз дұрыс көзқарас танытты. Осы беттен айнымасақ, күнде кино көріп, күнде той жасайтын күн де туар...

Бағдат Қожахметовтың жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1977
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2354
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1930
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1568